Бишімбаев ісін қарайтын алқабилер жабық отырыста таңдалады

Бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилер құрамын іріктеу жабық түрде өтеді. Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі хабарлады.

“27 наурызда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қ. Бишімбаевтың ісі бойынша алқабиге кандидаттар іріктеу үшін жабық сот отырысы өтеді”, – деп жазылған хабарламада.

Отырыста 12 адамнан тұратын (10 негізгі және екі қосалқы) алқабилер алқасы құрылады.

“Алқабилердің жеке басына байланысты іріктеу жабық сот отырысында өтеді”, – деп жазылған хабарламада.

Factcheck.kz