Бишімбаев ісі: алқабилердің бейнесін таратқандар жауапкершілікке тартылады

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотындағы алқабилер түскен бейне желіде тарап кетті. Заңды бұзғандар жауапқа тартылады. Бұл туралы Жоғары соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметі бойынша, процесс барысында іс бойынша төрағалық етіп жатқан алқабилерді фотоға және видеоға түсіруге болмайды. Бұл – тыйым алқабилердің қауіпсіздігі үшін жасалған шара.

Жоғарғы соттың өкілі Ерлан Ахмеджановтың айтуынша, “БАҚ туралы” заңға бойынша, алқабилердің бейнесін жария етіп жіберген бұқаралық ақпарат құралдарының меншік иесі, бас редакторы, таратылған материалдардың авторлары жазаға тартылады.

“Осыған байланысты сот кінәлі адамдарды әкімшілік жауаптылыққа тарту рәсімін бастады.
Іс бойынша төрағалық етуші жарияланған материалдарды алып тастауды міндеттеді, сонымен қатар оларды таратуға тыйым салды. Мұндай фактілерді болдырмау мақсатында БАҚ өкілдері сот отырысы залынан шығарылды. Азаматтарды сот төрелігін жүзеге асыру процесіне әсер ететін кез келген әрекеттерден аулақ болуға шақырамыз”
, – дейді Ерлан Ахмеджанов.

Factcheck.kz