Facebook Трамптың коронавирус туралы жазбасын “жалған мәлімдемесі” үшін өшірді

Facebook алғаш рет АҚШ президенті Дональд Трамп коронавирус туралы жалған ақпарат таратқаны үшін жазбасын өшірді. Бұл туралы AP News хабарлайды.

Жазбасында Трамп Fox News жариялаған видеоға сілтейді. Видеода Трамп балалар коронавирусты “іс жүзінде жұқтырмайды” деп мәлімдеген. Фейсбук мұны коронавирус туралы жаңалықтар саясатын бұзу деп есептеді. Себебі видеода «белгілі бір адамдар тобында COVID-19-ға иммунитеті бар» деген жалған мәлімдемелер бар.

Бірнеше сағаттан кейін Twitter Трамптың штаб-пәтерінің аккаунтын бұғаттап, видеоны өшіруді талап етті. Facebook осыған дейін де Трамптың басқа жазбаларын өшірген еді. Алайды, алғаш рет коронавирус туралы жазбасын сынап отыр.

Twitter әлеуметтік желісі коронавирус туралы оқырмандарды шатастыратын деректерге арнайы белгі қоя бастады.

Factcheck.kz