Бетке шыққан безеуді сыққан қауіпті ме?

Әлеуметтік желіде “Бетке шыққан безеуді сыққан қауіпті” деген ақпарат тарады. Factchek.uz-дағы әріптестеріміз деректі тексеріп көрді.

«Өлім үшбұрышы» деп аталатын бөртпелерді сыққан шынымен қауіпті. Өйткені адам ол арқылы инфекция жұқтырып алуы мүмкін. Адамның бетінің бұл бөлігінде миға қосылған қан тамырлары бар. Безеуді сықса, онда бактериялар түсуі мүмкін немесе ол салдарынан инсультқа, мидың зақымдалуына әкелуі мүмкін.

Беттің кез келген бөлігінде бөртпе пайда болса, оған қол тигізбеген дұрыс. Әйтпесе, ол қабынып кетуі немесе атопиялық дерматит болуы ықтимал.

Безейді сыққаннан кавернозды синустың тромбозы да болуы мүмкін. Оның симптомдары:

  • жоғары температура;
  • бас ауруы;
  • көз қозғалысын басқаратын бұлшықеттердің істемей қалуы;
  • көз айналасының ісіп кетуі.
Factcheck.kz