Банан радиоактиві көп жеміс пе?

“Банан – радиоактиві көп зиян жеміс” деген ақпарат тарады. “Проверено” басылымы деректі тексеріп көрді.

Бұл ақпарат бірқатар медиада және әлеуметтік желіде тарады (мұнда, мұнда, мұнда, мұнда, мұнда).

Бір қызығы, бұл мәлімдемені шын деуге болады. Банан пайдалы элементке бай: бір орташа бананда шамамен 422 мг калий бар. Бұл микроэлементті әйел адам күніне 2600 мг, ал ер адам 3400 мг тұтынуы керек. Бірақ адам дәл осы калийден тек пайдалы дәрумен емес, белгілі бір мөлшерде радиация алуы мүмкін.

Барлық калийдің 0,012%-і – тұрақсыз калий-40-тан тұрады. Ал бұл радиактив элемент: ол бета және гамма-сәулесін шашады. Олар радиацияның иондаушы түріне жатады, олар ДНҚ-ны зақымдауы мүмкін және салдарынан қатерлі ісік немесе сәулелік ауру тудыруы мүмкін. Бірақ калий-40-тағы радиация мөлшері адам денсаулығына аса қауіпті емес.

Оның үстіне, адам үнемі радиацияға, мысалы, Жердің табиғи радиациясына ұшырайды.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz