Аустралияда мыңдаған адам Джулиан Ассанжды күтіп алды ма?

Желіде Сиднейдегі көпірден өтіп бара жатқан қалың топтың видеосы тарап жатыр. Онда 2024 жылғы маусымда АҚШ сотымен келісімге келіп, кінәсін мойындаған соң түрмеден босап шыққан WikiLeaks сайтының негізін қалаған Джулиан Ассанжды күтіп алған аустралиялықтар бейнеленген деседі. Lead Stories фактчекерлері деректі тексерді.

Бұл видео 26 шілде Ассанж Аустралия астанасы Канберраға барғаннан кейін тарады.

“Аустралиялықтар отандасы Джулиан Ассанжды қарсы алып жатыр”, – деп жазылған постың сипаттамасында.

Ол жазбадағы видеодан Aussie Cossack News логотипін байқауға болады.

Фактчекерлер Google-дан кілт сөздер арқылы іздеп, Wayback Machine сайтының архивінен видеоны тапты. Оның сипаттамасында бейнені 2023 жылғы 22 мамырда Aussie Cossack News түсіргені және YouTube арнасына жариялағаны туралы айтылған.

Видеода көрсетілген адамдар ол кезде еркіндік маршына қатысып, НАТО-ға қарсылығын білдірген, Джулиан Ассанждың босатуды талап еткен. Маршқа Джулиан Ассанждың әкесі де қатысқан.

Осылай, көпшілік арасында тараған видеоның 2024 жылға еш қатысы жоқ.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz