Астрономдар фейкті анықтайтын жаңа әдіс тапты

Халл университетінің астрономдары көзге шағылысатын бейнелерді талдап, жасанды интеллект арқылы жасалған кескіндерді анықтаудың жаңа әдісін дайындады. Зерттеу Корольдік астрономиялық қоғамның Ұлттық астрономиялық конференциясында ұсынылды, деп хабарлайды SecurityLab.

Әдістің принципі қарапайым: негізі адамның екі көзінен бейне, кескін бірдей шағылысып, көз жанарынан бірдей болып көрінеді. Дегенмен генератив жүйелер мұны ескермеген, сол себепті жасанды интеллект арқылы жасалған контент көзде екітүрлі болып шағылысады.

Команда мұны анықтау үшін астрономия әдістерін, соның ішінде галактикалардың кескіндеріндегі жарықтың таралуын өлшеу үшін жиі қолданылатын Джини коэффициентін пайдаланды. Зерттеуді магистрант Адежумоке Оволаби астрофизика профессоры Кевин Пимблеттің жетекшілігімен жасады.

Дегенмен жасанды интеллект модельдері мұны болашақта ескеретін болса, бұл әдістің тиімді болуы екіталай. Оған қоса осы әдіс арқылы анықтау үшін адамның көзі өте жақыннан түсірілуі керек. Кейде шынайы суреттер де адам көзінен әртүрлі болып көрініп қалуы да мүмкін. Десе де зерттеушілер бұл әдіс фейк анықтауға көмектесетін жақсы құрал деп есептейді.  

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz