Telegram арнасында “Аптап ыстықта кофе ішкен зиян әрі қауіпті» деген хабарлама тарады. Factcheck.uz-дағы әріптестеріміз ақпаратты тексерді.
«Ыстық күнде кофеден бас тартқан дұрыс, өйткені ол тез шаршатады», – делінген баяндамада.
Алайда бұл ақпарат жалған.
Кофе ішкен адам көп дәретке барады, сол себепті ағзасында су мөлшері азаяды және салдарынан әлсіреуі, тез шаршауы мүмкін деседі. Бірақ бұл – миф.
Ыстықта кофе ең жақсы таңдау емес сияқты көрінуі мүмкін. Шын мәнінде, кофе зәр шығаруды жақсартса да, оның орны сусынға қосылған су немесе сүт арқылы өтеледі. Сол себепті “кофе салдарынан ағза сусап қалады” деген ақпаратқа негіз жоқ. Кофеиннің денедегі ылғалдану деңгейіне әсері соншалық көп емес.
Кофе дене температурасын біршама көтереді, бірақ бұл басқа факторларға қарағанда кофе дәндерінің құрамындағы кофеинмен көбірек байланысты, сондықтан оны қалыпты мөлшерде тұтыну маңызды.