Алматы соты Қаңтар оқиғасында интернеттің өшірілгеніне қатысты арызды қанағаттандырудан бас тартты

26 маусымда Алматы қаласы Алмалы ауданының No2 аудандық соты қаңтар оқиғасы кезінде интернеттің өшірілгеніне қатысты байланыс қызметтері абоненттерінің құқықтары бұзылғаны туралы іс бойынша талап арыздарды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығарды. Арызданған тарап байланыс операторларынан материалдық өтемақы ретінде 500 мың теңге өндіруді талап етті.

Сот айыпталушылардың 2022 жылғы қаңтарда интернетке қолжетімділік олардың бастамасымен емес, үкімет тарапынан шектелгені туралы уәждерін негізді деп санады. Соттың пікірінше, бұл билік органдарының, оның ішінде президенттің ресми мәлімдемелерімен расталады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейінгі жиын 12 маусымда өткен болатын. Шешім 17 маусымда жариялануы керек еді, бірақ кейінге шегерілді. Арызданған Сейіт Р-ның мүддесін адвокат Елжан Қабышев қорғады. Сотталушылар «Кар-Тел» ЖШС (Beeline & IZI) және «Мобайл Телеком Сервис» ЖШС (Tele2 / Altel) болды.

Арызда Қазақстанның ТЖ туралы заңы бойынша, Қазақстан Республикасы президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы “Алматы қаласында төтенше жағдай енгізу туралы”деген 725 нөмірлі жарлығында интернетті өшіру туралы шара жоқ екені және желіге және байланысқа қолжетімділікті шектеу белгілі бір мемлекеттік органдардың немесе байланыс операторларының өз қалауы бойынша болғаны және Президенттің жарлығына негізделмегені айтылған.

Сонымен қатар талап арызда байланыс операторы бүкіл интернетке емес, тыйым салынған ақпаратқа қол жеткізуді шектеуге міндетті екені айтылған.

Айыпталып отырғандар арызданғандармен келіспей, соттан толықтай бас тартуды сұрады.

проектный менеджер Международного центра журналистики MediaNet, феллоу Международной правозащитной организации Access Now, автор в Factcheck.kz, исследовательница гендерных вопросов, цифровых прав, медиаграмотности и борьбы с дезинформацией.

Factcheck.kz