Алматы полициясы жер сілкінісі туралы фейк ақпарат таратқандарды іздеп жатыр

Полиция Алматыда жер сілкінгенде фейк ақпарат таратқандарды іздеп жатыр. Бұл туралы KazTAG хабарлады.

«Алматы полиция департаментінің жедел бөлімшелері жаңа технологияларды қолдана отырып, кеше түнде қоғамда негізсіз үрей тудырған жалған хабарламалардың авторларын анықтап жатыр», – деп жазды агенттік қалалық полиция департаментінің жауабына сілтеп.

Құқық қорғау органдары жалған ақпарат таратқандар 274-бап “Көрінеу жалған ақпарат тарату” бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді. Оларға 1 мың АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл немесе 400 сағатқа дейін түзеу жұмысын істеу немесе бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза қарастырылады.

Контекст

Бір күн бұрын алматылықтар қатты жер сілкінгенін сезді. Сол түні интернетте оқиға туралы жалған ақпарат пайда болды. Factcheck.kz Telegram арнасында ақпаратты жаңартып хабарлап отырады.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz