Алексей Навальныйдың анасы “мәйітті қорлау” бабы бойынша іс қозғауды талап етті

Людмила Навальная қаза болған ұлы – оппозиция саясаткері Алексей Навальныйдың денесін қорлау бабы бойынша қылмыстық іс қозғауды талап етті. Тергеу комитетіне өтінішті Навальнаяның адвокаты түсірді. Бұл туралы Навальныйдың жақтасы Иван Жданов хабарлады.

“Православия қағидасы бойынша марқұмның денесі үшінші күні жерленуге тиіс. Навальныйдың көз жұмғанына 8 күн болды, алайда әлі күнге дейін марқұм жер қойнына тапсырылған жоқ”, – делінген өтініште.

Азаттықтың мәліметі бойынша, бұған дейін тергеуші Варапаев Навальныйдың анасына “жерлеуді жасырын өткізесің”, немесе “Навальныйды түрмеде жерлейміз” деп шарт қойған. Саясаткердің баспасөз хатшысы Кира Ярмыштың айтуынша, Навальная тергеушімен келіссөз жүргізуден бас тартқан, себебі оның Навальныйды қалай және қайда жерлеу керек екенін нұсқауға өкілеті жоқ деген.

Ярмыштың сөзінше, заң бойынша марқұмның денесі туыстарына сараптамадан кейін екі күннен соң берілуге тиіс. Бұл екі күннің мерзімі 24 ақпанда бітеді. 95 мыңнан астам адам Ресей тергеу комитетінен Навальнаяға ұлының денесін беруді талап етті.

Factcheck.kz