Қаржы директорларының сауалнамасы бойынша, АҚШ-та әрбір үшінші фирма (32%) келесі жылы жасанды интеллектіні қолданбақ. Олар адамдар орындап жүрген тапсырманы жасайды. Бұл туралы CNN хабарлады. Ірі компаниялар үшін бұл көрсеткіш артады. Қазірдің өзінде 61% компания жасанды интеллектіні қолданып жүр.
Жасанды интеллектіге бірқатар міндет жүктеледі: жеткізілімдерге ақы төлеу мен шот-фактураларды шығарудан бастап қаржылық есептілікті жасауға дейін. Сауалнаманы 13 мамырдан 3 маусымға дейін Дьюк университеті және Атланта мен Ричмондтың (АҚШ) Федералдық резервтік банктері жүргізді.
Көптеген компания қазірдің өзінде кейбір шығармашылық мәселені шешу үшін ChatGPT және басқа чат-боттарды пайдаланады: жұмыс туралы хабарландырулар мен пресс-релиздерді жазады, маркетиң науқандарды жасайды.
Сауалнама бойынша, компаниялар шығындарды азайту, кірісті арттыру және қызметкерлердің өнімділігін арттыру үшін жасанды интеллектіге көбірек жүгінеді.
«Осы технологияларды мұқият қарастырмай, инновация компаниясын басқару мүмкін емес. Артта қалу қаупі бар», – деді Дьюк университетінің қаржы профессоры, зерттеудің бас зерттеушісі Джон Грэм журналистерге телефон арқылы.
Дегенмен кейбір сарапшы жасанды интеллект қолдану салдарынан адамдардың жаппай жұмыссыз қалатынына сенбейді. Джон Грэмнің айтуынша, қысқа мерзімді перспективада бұл қызметкерлерді жалдаудан гөрі жасанды интеллект көмегімен қызметкерлердің кей осал тұсын жабуға болады.