Интернетте “Адам макарон жегеннен толмайды. Оны артықтау үшін тамақ рационынан алып тастаудың қажеті жоқ” деген ақпарат тарады (мұнда, мұнда, мұнда). “Проверено” фактчекерлері деректі тексерді.
Макаронды көбіне италиялықтар жейді. Дегенмен олардың дене бітімі басқа еуропалықтарға қарағанда жақсырақ. 2022 жылғы статистикаға сүйенсек, әр италиялық жылына 23 келі макарон жейді. Осылайша, бұл ел тұрғындары өнімді тұтыну бойынша бірінші орында.
Statista аналитика платформасының 2022–2023 жылы италиялықтар арасында жүргізген онлайн сауалнамасына сәйкес, респонденттің 80%-і үнемі тұтынатын тағамдарының бірі ретінде макаронды атаған. Еуростаттың 2019 жылғы деректері бойынша, артық салмағы бар, дене салмағының индексі 25-тен асатын ересек италиялықтардың үлесі Еуропа бойынша аз.
Классикалық италиялық пастаның құрамында қатты бидайдан жасалған ұн мен су бар. Үйде пісіретіндер жұмыртқа да қосып жатады. Ал қатты сорттан жасалған ұнның гилекмиялық индексі төмен — 47. Гликемиялық индексі төмен ұнды тұтынған адам ұзақ уақыт тоқ жүреді және көп тамақ жеп қоймайды. Оған қоса мұндай ұнда жасуша көп: ол да ұзақ уақыт тоқ жүруге мүмкіндік береді. Сәйкесінше көп тамақ жемеген адам артық салмақ жинамайды.
Бұдан басқа көптеген зерттеулер жүргізілген (1, 2, 3). Барлығының қорытындысына сенсек, макароннан адам артық салмақ жинамайтыны рас.