2024 жылы әр үшінші қылмыс алаяқтық болып шыққан

2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы ең кең тараған қылмыс түрі алаяқтық екен. Одан кейін ұрлық, ал үшінші орында есірткі қылмыстары тұр. Бұл туралы «Курсив» басылымы Бас прокуратураның мәліметіне сілтеме жасап хабарлады.

Жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтардың ішінде алаяқтық 34%-ды (45 мың жағдай), ұрлық 23%-ды (30 мың жағдай), ал есірткі қылмыстары 6,3%-ды (8 мың жағдай) қамтиды.

«ҚазАқпарат» хабарлауынша, тек Алматы қаласында былтыр алаяқтар азаматтарды 25 миллиард теңгеге алдаған. Қала бойынша 9 мыңнан астам алаяқтық дерегі тіркелген.

Контекст

2024 жылдың аяғында алаяқтар мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның атынан аудио хабарламалар таратып жатқаны белгілі болды. Бұл туралы министрдің өзі әлеуметтік желіде мәлімдеді.

Журналист

Factcheck.kz