Аида Балаева алаяқтар оның атынан аудио таратып жүргенін хабарлады

Алаяқтар мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның атынан аудио хабарламалар жіберіп жатыр. Бұл туралы министр өзінің Facebook парақшасында жазды. Балаева оның дауысы жасанды интеллект арқылы жасалған деп санайды.

“Кейінгі уақытта белгісіз біреулер менің атымнан таныс және бейтаныс адамдарға жасанды интеллект көмегімен дауыстық хабарламалар жіберу жағдайлары жиілеп кетті. Сіздерден осындай хабарламаларды елемеуді, бейтаныс нөмірлерді бұғаттауды сұраймын. Бұл – алаяқтардың әрекеті. Алданып қалмаңыздар.Өздеріңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар!”, – деді Балаева. 

Биыл сәуірде министр Facebook-те WhatsApp желісінде әлдекімдер оның атынан жалған хабарлама таратып жатқанын хабарлаған.

Контекст

Бұған дейін Factcheck.kz алаяқтар коммуналдық қызметкерлердің атынан қоңырау шалып, “электр энергиясы бойынша есептегішті тексеруді” талап ететіні туралы жазған. 

Журналист

Factcheck.kz