Францияда парламенттік сайлаудың бірінші турының нәтижелеріне қарсы наразылық шерулерінен өткеннен кейін “Олимпиада ойындары өтпейді” деген қауесет пайда болды. Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) бұл ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы Курсив хабарлады.
«Бұл Францияға, ХОК-қа, оның президенті мен Олимпиада ойындарына қарсы жасалып жатқан жалған ақпарат тарату науқанының бір бөлігі екені анық. Бұл ақпараттың негізі жоқ. Олимпиадалық 26 шілдеде Парижде өтетін 2024 жылғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатынан басталады», – делінген ХОК мәлімдемесінде.
Айта кетері, бұған дейін Франция қалаларының көшелеріне бірнеше мың адам шығып, Марин Ле Пен жетекшілік ететін «Ұлттық одақ» партиясына наразылығын білдірген.