12 маусым — Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні

Қазақстанда 12 маусым Абай облысындағы өрттен қаза тапқан орманшыларды жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.

Біз қаза тапқан азаматтарды еске аламыз. Сабыр сақтап, бекем болыңыздар. Құқық қорғау органдары мен министрліктер тарапынан болсын, барлық сала бойынша тиісті шаралар қабылданады. Қазір кеңес өткіземін. Бұл жағдайдан міндетті түрде тиісті қорытынды шығарамыз.

Қасым-Жомарт Тоқаев, президент

Айта кетейік, 8 маусымда Абай облысында «Семей» орманы резерватында өрт басталды. Бүгінге дейін 60 мың гектарға жуық орман алқабы өртке оранды. Өрт сөндіруге 300-ге жуық техника, 1 500-ге жуық адам және 11 тікұшақ жұмылдырылған. Өрт салдарынан орман шаруашылығының 14 қызметкері қаза тапты.

Қайғылы оқиғада қаза тапқандар төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін марапатталды. Олар:

1. Тоқтасын Серікжан Бақытбекұлы (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалының инженері;

2. Жиенбаева Мейрамгүл Құсайынқызы (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Успенка орманшылығының басшысы;

3. Губаев Алексей Григорьевич (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Успенка орманшылығының орман шебері – мемлекеттік инспекторы;

4. Начинёнов Константин Сергеевич (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Успенка орманшылығының аумақты қорғау бойынша инспекторы – мемлекеттік инспекторы;

5. Нұржігітов Саят Нұржанұлы (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Успенка орманшылығының аумақты қорғау бойынша инспекторы – мемлекеттік инспекторы;

6. Сидорин Виктор Александрович (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Успенка орманшылығының аумақты қорғау бойынша инспекторы – мемлекеттік инспекторы;

7. Сидорин Александр Викторович (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Успенка орманшылығының аумақты қорғау бойынша инспекторы – мемлекеттік инспекторы;

8. Фоминых Максим Владимирович (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Успенка орманшылығының аумақты қорғау бойынша инспекторы – мемлекеттік инспекторы;

9. Гражданкин Петр Александрович (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Успенка орманшылығының орман өрт сөндірушісі;

10. Пузырев Сергей Николаевич (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Успенка орманшылығының орман өрт сөндірушісі;

11. Дарибаев Александр Викторович (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Успенка орманшылығының тракторшысы – машинисі;

12. Ганьшин Даниил Евгеньевич (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Успенка орманшылығының көлік жүргізушісі;

13. Пузырев Николай Иванович (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы орталық орманшылығының көлік жүргізушісі;

14. Дүйсембаев Амангелді Спатайұлы (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалының көлік жүргізушісі.

Factcheck.kz