Желіде Пэлосидің қытайлық журналистпен түскен фейк фотосы тарады

Желіде АҚШ Палата өкілдерінің спикері Нэнси Пэлоси Тайваньға барған тұста оның қытайлық журналистпен түскен суреті жиі талқыланып жатыр. Желі қолданушыларының жазуынша, фотода Пэлоси мен оның “сүйіктісі” әрі қытайлық журналист Ху Сицзин бейнеленген. Алайда Deutsche Welle фактчекерлері фотоның фейк екенін анықтады.

Желіде Пэлосидің қытайлық журналистпен түскен фейк фотосы тарады
Желіде тараған фото.

Фото желіде айтылғандай олардың “үйлену тойларында” түсірілмеген. DW фактчекерлерінің анықтауынша, фото редактордың көмегімен өзгертілген және екі ескі фото біріктірілген.

Олардың бірінде шынымен жас Нэнси Пэлоси бейнеленген. Алайда түпнұсқада қытайлық журналистің жанында емес, әкесі кіші Томас Д’Алесандромен түскен.

Бұған қоса фактчекерлер Пэлоси бейнеленген фото Flickr фотохостиңінде жарияланғанын анықтады.

Пэлоси фотохостиңде жас кезіндегі суреті екенін жазған. Бұдан бөлек сайлау алдын кампаниясы кезінде де осы суретті жариялаған.

Келесі суретте расымен журналист Ху Сицзиннің жас кезіндегі суреті бейнеленген. Фактчекерлердің жазуынша, ол сурет түпнұсқасында Қытай әскеріндегі қызметі туралы жазған.

Контекст

  • Азаттық радиосының жазуынша, 2 тамызда АҚШ Конгресі өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Қытайдың қарсылығына қарамастан Тайваньға барған. Пекин Пэлосидің Тайваньға барғанына қарсы шыққан. Қытай Тайвань аралын өзінің территориясы санайды. Қытай басшысы Си Цзиньпин АҚШ “отпен ойнамауы керек” деп ескерткен. Пелоси сапары кезінде Қытай Тайваньға жақын Фуцзянь провинциясында әскери жаттығу өткізді.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz