Мемлекет басшысы 31 қаңтар күнгі Қазақстан халқына Жолдауында күнкөріс минимумын қайта қарау керектігін айтты: «Ол қазақстандықтардың шынайы тұтыну шығындарына сай болуы керек. Бұл 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап үш миллион адамның базалық зейнетақысын, мүгедектердің, асыраушысынан айырылған отбасылардың, атаулы көмек алатындардың және мүгедек бала тәрбиелеп отырғандардың жәрдемақысын көбейтуге мүмкіндік береді. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмекті күнкөріс минимумының 40 пайызынан 50 пайызға дейін көтеруге және оның жаңа форматын енгізуге мүмкіндік береді».
Үкім: Жалған
Маусымдық ерекшеліктеріне орай кейбір өнімдерді сатып алмаған күннің өзінде Астанада да, Алматыда да 14 675 теңгеге ең қажетті деген заттарды сатып алу мүмкін болмады. ҚР азық-түлік себетінің тізіміндегі өнімдерді сатып алу үшін Астана қаласында айына 16 375 теңге жұмсалса, Алматы қаласында бұл көрсеткіш 19 510 теңге болды.
ҚР «2017-2019 жылдардағы республикалық бюджет туралы» заңына сәйкес, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда күнкөріс минимумының мөлшері (КММ) 24 459 теңге.
Яғни, күнкөріс минимумы ең төменгі тұтыну себетіне тең деген сөз. Ал ең төменгі тұтыну себеті дегеніміз – адамның өмір сүруіне аса қажетті азық-түлік өнімдерінің, тауарлар мен қызмет түрлерінің ең төменгі жиынтығы.
Бұл соманың 60%-ы азық-түлікке, ал қалған 40%-ы азық-түліктен тыс тауарлар мен қызметке арналған. Яғни, азық-түлікке әр қазақстандық кемінде айына 14 675 теңге жұмсауы керек. Біз бұл қаражат ҚР азық-түлік себетінде бекітілген азық-түлік өнімдерін алуға жететін-жетпейтінін анықтауға тырысқан едік.
Открытый диалог порталындағы өз блогында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова бұған қатысты былай деп жауап берген болатын:
«Қазіргі азық-түлік себетінің құрамы 2005 жылы халықаралық сарапшылар мен Қазақ тағамтану академиясының ұсынуы бойынша, азық-түлік өнімдерін тұтынудың ғылыми негізделген физиологиялық мөлшеріне сай бекітілді. 2005 жылы азық-түлік себетінің құрамы өзгеріп, азық-түлік өнімдерінің түзімі кеңейді, қазіргі таңда онда 43 түрлі өнім бар». (Screenshot_11)
Біз азық-түлік себетінде көрсетілген 43 түрлі өнімді Астанада және Алматыда сатып алып көрдік. Төмендегі кестеде базардағы, дүкендегі және супермаркеттердегі баға көрсетілген. Эксперимент дұрыс болуы үшін мейлінше арзан жерлерден алуға тырыстық. Сондай-ақ, сауда орындарының қаланың орталығында болуына мән бердік. Атап айтқанда: «Астаналық базар» (Артем), «Еуразия» сауда үйі жанындағы «Жәрмеңке», «Еуразия» сауда үйінің ет павильоны, Magnum, Green супермаркеттері. Алматыда Magnum, Рамстор супермаркеттері мен көшедегі базарлар таңдалды.
Азық-түлік себетінің құрамы
Азық-түлік | Қазақстан Республикасы халқы үшін төменгі тұтыну мөлшері
(Грамм/ айына) |
Астана қаласындағы баға
2017 жылғы ақпан (теңге/кг) |
Алматы қаласындағы баға
2017 жылғы ақпан (теңге/кг) |
Астана қаласы бойынша бір айда тұтынуға ұсынылған тауарға жұмсалған ақша
(теңге) |
Алматы қаласы бойынша бір айда тұтынуға ұсынылған тауарға жұмсалған ақша
(теңге) |
Байытылған бидай ұны
1-сұрып |
1083 | 200 | 163 | 217 | 177 |
1-сұрыпты байытылған бидай ұнынан жасалған нан
|
5892 | 158 | 220 |
931
|
1296 |
Қара бидай наны | 2583 | 328 | 372 | 847 | 960 |
Қара нан | 400 | 325 | 325 | 130 | 130 |
Макарон өнімдері | 367 | 150 | 167 | 55 | 61 |
Күріш | 708 | 240 | 690 | 170 | 487 |
Қарақұмық | 167 | 350 | 694 | 59 | 116 |
Сұлы жармасы | 167 | 428 | 1137 | 72 | 190 |
Жарма | 167 | 220 | 383 | 37 | 64 |
Бұршақ | 167 | 190 | 383 | 32 | 64 |
Картоп | 7917 | 100 | 175 | 792 | 1386 |
Қырыққабат | 2083 | 90 | 82 | 188 | 171 |
Сәбіз | 1667 | 120 | 99 | 200 | 165 |
Пияз | 1667 | 120 | 89 | 200 | 148 |
*Қызанақ | маусым-қазан аралығы | ||||
*Қияр | маусым-қазан аралығы | ||||
Қызылша | 417 | 150 | 123 | 63 | 51 |
**Бақша өнімдері (қарбыз) | тамыз-қазан аралығы | ||||
Жемістер (алма) | 2083 | 300 | 300 | 625 | 625 |
**Жидектер (жүзім) | тамыз-қазан аралығы | ||||
Кептірілген өрік | 42гр | 1500 | 3325 | 63 | 140 |
Қант | 1500 | 250 | 225 | 375 | 338 |
Сиыр еті | 1250 | 1500 | 1799 | 1875 | 2249 |
Шошқа еті | 750 | 1915 | 1869 | 1436 | 1401 |
Қой еті | 525 | 1500 | 2505 | 788 | 1315 |
Құс еті | 417 | 857 | 765 | 357 | 319 |
Жылқы еті | 267 | 1800 | 2479 | 481 | 662 |
Шұжық | 250 | 1700 докторская | 2200 телячья | 425 | 550 |
1-категорияға жататын субөнімдер (бауыр) | 33 | 1129 | 1055 | 37 | 35 |
Балғын және/немесе мұздатылған көксерке | 700 | 2684 | 1029 | 1879 | 720 |
Сүт, литрі | 7 литр | 195 | 325 | 1365 | 2275 |
Қаймақ, майлылығы 20% | 267 | 925 | 1013 | 247 | 270 |
Майлылығы аз сүзбе | 408 | 800 | 1338 | 326 | 546 |
Ірімшік | 192 | 2509 | 1889 | 482 | 363 |
Сары май | 367 | 1600 | 3295 | 587 | 1209 |
Жұмыртқа, дана | 12 дана | 35
теңге/дана |
42,5
теңге/дана |
420 | 510 |
Сұйық май | 583 | 420 | 395 | 245 | 230 |
Маргарин | 125 | 700 | 590 | 88 | 74 |
Майонез | 42 | 790 | 671 | 33 | 28 |
Шай | 56 | 3143 | 2833 | 176 | 159 |
Ас тұзы | 183 | 355 | 37 | 65 | 7 |
Ашытқы | 4 | 1770 | 4750 | 7 | 19 |
Дәмдеуіштер | 2 | ||||
БАРЛЫҒЫ |
16 375 |
19 510 |
Ескерту: азық-түлік себебі қайсыбір өнімнің маусымына орай өзгеріп отырады: *қызанақ пен қияр – тұтынудың төменгі деңгейі бес айға бөлінеді (маусым-қазан); **қарбыз, жидектер (жүзім) – тұтынудың төменгі деңгейі үш айға бөлінеді (тамыз-қазан айлары).
Анықтама үшін: Күнкөріс минимумы – ең төменгі тұтыну себетінің құнына сәйкес келетін бір адамға арналған ақшалай кіріс. Күнкөріс минимумының мөлшерін есептеу ережесінде: «Күнкөріс минимумының мөлшерін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ең қажетті азық-түлікке жатпайтын тауар мен қызмет түрлерінің ең төменгі шегіне орай есептелген азық-түлік себетінің бағасына қарай есептейді», – делінген.
Аударған Жұлдыз Әбділда