Зеленский Львов облысын Польшаға бере ме?

Ресейдің Украинаға басып кіруін қолдап, “Украинаны Батыс басқыншыларынан азат етуге” шақырған, кейін Украинаға опасыздық жасады деп айыпталған Жоғарғы Раданың экс-депутаты Илья Киваның Telegram арнасында “Зеленский Украинаның Львов облысын Польшаға қоспақ” деген мәлімет тарады.

Бірқатар ресейшіл медиа осы дерекке сүйеніп, “Зеленский Польшаға Львов облысын береді” деген тақырыпта мақалалар жариялады. Материалдардағы ақпаратқа сай, “референдумға” дайындық жүріп жатыр. Одан бөлек, “Сіз Львов облысының Украинадан шығып, Польша Республикасына қосылуын жақтайсыз ба? деп жазылған бюллетендердің суреті де тарады.

  • Зеленский Львов облысын Польшаға бере ме?
  • Зеленский Львов облысын Польшаға бере ме?
  • Зеленский Львов облысын Польшаға бере ме?
  • Зеленский Львов облысын Польшаға бере ме?

Зеленский бүгін Польша президенті Дудаға Львов, Тернополь және Ивано-Франковск облыстарын Польшаға қосу үшін референдум өткізуге дайын екенін хабарлады. Бұл Украинаның оңтүстік-шығыс аймақтарының Ресейге қосылу ниетіне Киев режимінің жауабы. Енді Закарпат аймағының Мажарстанға, ал Черновцы облысының Румынияға қосылуын күтеміз. Сайқымазақ Зеленский Украинаны ақыры қиратып, жойып жіберді.

Илья Киваның арнасынан

Үкім: Фейк

Илья Кива таратқан жазба да, кремльшіл медиа жариялаған материалдар да фейк. Біріншіден, мәлімдемеде көрсетілген елдердің ресми сайттарынан мұндай ақпарат табылмады. Екіншіден, Украина заңына сәйкес, ел шекарасын өзгерту мәселесі тек жалпыхалықтық референдумда шешіледі. Львов облысының жергілікті референдумы да, өзге де аймақтардың референдумдары да қисынға келмейді.

The Insider фактчекерлері жалған ақпаратпен бірге тараған бюллетен суретінің фейк екенін анықтады.

Кремльшіл медиа жариялаған “бюллетен” (бірінші сурет) әдетте Польшада пайдаланылатындардан өзгеше. Мысалы Польшадағы 2015 жылғы референдум бюллетенінің (екінші сурет) дизайны мүлде басқа.

  • Зеленский Львов облысын Польшаға бере ме?
  • Зеленский Львов облысын Польшаға бере ме?

Есесіне, «Львов бюллетені» Донецк облысында жақында ғана өткен «референдумдағы» дауыс беру парағына ұқсайды.

ЦИК ДНР представил образец бюллетеней для голосования на референдуме (ФОТО) - Общество - ДАН

Фейк авторлары тек украин тілімен шектеліп, бюллетеньге поляк тілінде мәтін жазбаған. Ал Fakenews.pl сайтының фактчекерлері бюллетеньдердегі мөрдің Польша мемлекеттік сайлау комиссиясының мөрінен өзгеше екенін байқады. Фейк таратушылар мөрді пандемияға байланысты пошта арқылы өткізілген 2020 жылғы сайлауда пайдаланылған конверттердегі маркадан көшірген

  • Зеленский Львов облысын Польшаға бере ме?
  • Зеленский Львов облысын Польшаға бере ме?

Бұдан бөлек, бюллетень бумаларындағы жазу да — фейк.

Зеленский Львов облысын Польшаға бере ме?
Сол жақта Львов “референдумының” бюллетеніндегі қаптама, оң жақта Польша сайлау комиссиясының шынайы қаптамасы.

Контекст

  • 29 сәуірде Польшаның Ақпарат кеңістігінің қауіпсіздігі жөніндегі Үкімет өкілі Станислав Зарин Кремльдің “Польша Батыс Украинаны аннексиялайды” деген мәлімдемесін жоққа шығарды.
  • Сонымен қатар, Илья Кива 3 мамырда да осыған ұқсас риторикадағы жазба жариялаған. Бірақ Factcheck.ge мәліметтің жалған екенін анықтап, Кремль шенеуніктерінің осы тақырыпқа қатысты позициясын талдаған.
  • 23-27 қыркүйекте Ресей Федерациясы Украинаның Херсон, Запорожье, Луганск және Донецк облыстарында «референдум» деп аталатын үгіт-насихат акциясын ұйымдастырды. Украинаның Сыртқы Істер Министрлігі (СІМ) бұл референдумның еш заңды күші жоқ екенін хабарлады.
  • Қазақстан да басқа елдер секілді «референдум» деп аталатын үгіт-насихат акциясын және ЛҰР мен ДҰР мойындамайды.

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz