Фейк | 18 жасқа дейінгі балаларға ұлттық қордан жарна түсіп жатыр

Жақын күндері WhatsApp месенджері арқылы “Тоқаев жолдауда айтқан 18 жаста дейінгі балаларға бөлінетін жарна түсіп жатыр. Ол үшін Халық банктен балаларға шот ашу керек”,-деген ақпарат тарады. Factcheck.kz сайты бұл деректің қаншалықты рас екенін тексерді.

Кімнің баласы 6 жастан 16 жасқа толмаған сол аналар Халық банк приложениесынан балаларға шот ашыңыздар! Қалай шот ашасыздар, сразу 50 мыңнан ақша түседі. Ол ақшаны шеше алмайсыздар ол Тоқаевтың жарнамасы. Жаңағы 18 жасқа дейін ақша бөлінеді деді ғой сол ақша түсіп жатыр. 6 жастан 16 жастқа дейінгі қаншама балаларыңыз бар соның атына полный шот ашыңыздар. Өз телефоныңыздағы приложение арқылы шотты ашып, балаларыңызға ақша түсіріңіздер. Түсіп жатыр.

WhatsApp месенджерінде тараған хабарлама [сөйлеу мәнері мен стилі сақталды]

Үкім: Фейк

2022 жылдың 1 қыркүйегінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауда әр балаға 18 жасқа толғанған дейін ұлттық қордан қаржы аудару туралы айтты. Алайда бұл дәл қазір іске асып жатқан жоқ. Жобаны президент 2024 жылғы 1 қаңтардан жүзеге асыруды тапсырған. Демек, ұлттық қор есебінен балалардың шотына қаржы аудару тек 2024 жылы ғана басталады.

Halyk Easy туралы не білеміз?

Halyk Bank сайтында балаларға арналған Halyk Easy картасы барын хабарлаған. Картаны 6 жастан 16 жас аралығындағы балалар қолдана алады. Картаға өтініш беру үшін ата-аналар ұялы телефондағы Халық банк қосымшасы арқылы баланың ЖСН және телефон нөмерін тіркейді. Артынша баланың ұялы телефонына қосымшаны жүктеп, қол қояды. Осы орайда ескеретін бір жайт, бала 16 жасқа толғаннан кейін банк қосымшасының барлық сервистеріне қол жеткізу үшін қайта тіркеуден өтуі қажет.

Контекст

WhasApp месенджеріне бұндай фейктер жиі тарайды. Ол туралы сайтымызда басқа да мақалалар жарияланған еді. Мақалаларды мында және мына жерден оқи аласыздар.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің түлегі (2021). Әлеуметтік ғылымдар магистрі (2023). OMS (Online Media School, 2020) және OFA (Online Factcheck Academy, 2021) түлегі.

Factcheck.kz