Зеленский Аргентинадан 300 келі кокаин алдыртқаны рас па?

Кейінгі күндері орыстілді сайттарда «Зеленский Аргентинадан 300 келі кокаин тасылмадады» деген ақпарат тарап жүр (сайттарда: 1, 2, 3, 4, 5, т.б; әлеуметтік желіде: 1, 2, 3). Мәліметке сай, «Украина президенті Аргентина лидері Майлидің инаугурациясына келген кезде Зеленскийдің ұшағы 300 кг кокаин алып кеткен».

Аталған деректің рас-өтірігін Factcheck.kz тексеріп көрді.

Киев режимінің басшысы Аргентина лидері Хавьер Майлидің инаугурациясына келген кезде Украина президенті Владимир Зеленскийдің ұшағы 300 келі кокаин алып өткен. Бұл туралы исландиялық Intel Drop басылымы жазады.

mk.ru сайтының хабарламасы

Үкім: Фейк

Мұндай ақпарат шынында да, желіде 26 наурызда The Intel Drop веб-сайтында пайда болды, алайда мақалада ешқандай дереккөз көрсетілмеген. The Intel Drop-тің өзінде мәтіннің авторы немесе тұтастай алғанда сайттың шығу тегі туралы ешқандай белгілер жоқ. Шын мәнінде, сайт 2022 жылдың қыркүйегінде ашылып, Нидерландыда тіркелген және ол біржақты насихат жүргізіп Украинадағы соғыс тақырыбына бірнеше рет жалған ақпарат жариялады. Бұл туралы Provereno.media мен VoxCheck Ukraine редакциясындағы әріптестерімізде де жазды.

Атап айтқанда, The Intel Drop сайты Львов облысындағы НАТО-ның құпия бункеріне ресейлік шабуыл жасағаны туралы хабарлап, кейін Елена Зеленская қорының бала саудасымен байланысын дәлелдейтін бейнеролик, Зеленский АҚШ, Германия және Польша басшыларын дөрекі сынаған аудиожазбасын таратқан. Бәріне Provereno.media редакциясы «Фейк» үкімін қойды.

Зеленский Аргентинадан 300 келі кокаин алдыртқаны рас па?
The Intel Drop сайты 2022 жылдың қыркүйегінде ашылып, Нидерландыда тіркелген.
Дереккөз

Бұл ақпаратты mk.ru сайтынан бөлек aif.ru, osnmedia.ru, tvc.ru сайттары мен «Осташко! Важное» телеграм-арнасы да «Intel Drop басылымына» сілтейді. Төменде өзге «дереккөздерді» талдаймыз.

«Голос Мордора», «Саня во Флориде» телеграм-арналары осы деректі Boston Times газетіндегі «латынамерикалық журналистерге» сілтеме жасап жариялаған.

Boston Times. Boston Times сайтының өзі күдікті. Мәселен, сайттың «Біз туралы» бөлімінде сайттың «1972 жылы Вашингтонда ашылғаны» туралы және «осы жылдар ішінде Boston Times журналистикадағы үздігі үшін көптеген марапаттарға, соның ішінде зерттеу журналистикасы, көркем жазу және фотография номинацияларында Пулитцер сыйлығына ие болды» делінеді. Дегенмен, URLVoid сайттарды тексеру қызметін пайдалана отырып, біз медианың 2024 жылдың 18 қаңтарында ашылғанын білдік. Пулитцер сыйлығын ұтқаны туралы ақпарат та шындыққа жанаспайды.

Зеленский Аргентинадан 300 келі кокаин алдыртқаны рас па?
Дереккөз архиві

Data Urgente. Ресейлік медиа дерегінше Зеленскийге қатысты мәліметті Data Urgente «басылымының» Себастьян Сальдаго есімді журналисті де «растаған». Бұл екі «басылым» мұндай ақпаратты алғаш болып 25 наурызда жариялаған. Біріншіден, мұнда Data Urgente сайты аргентиналық деп көрсетілсе де, 2016 жылы ашылып, Ирландияда тіркелгені анықталды. «Басылым» сайтында өздері туралы ақпарат жоқ. Олардың YouTube арнасынан басқа, Instagram, Facebook, Twitter желілерінде парақшасы бар. Сайттағы «Ой-пікір» бөлімшесінің (архив) төменгі жағында сайт қызметкері ретінде Себастьян Сальгадо көрсетілген. Оның астындағы бірінші батырманы бассақ, орыстілді ru.site123.com (архив) сайт ашуға арналған веб-парақша ашылады. Бұл да испантілді сайт үшін күмән туғызады.

Бірнеше кремльшіл медиа өз пропагандасына негізгі дереккөз ретінде осы сайтты пайдаланған. Мәселен, “Украиналықтар Донбаста балалар бар деген ескертулерге қарамастан, үйлерді бомбалады” деген күмәнді ақпаратты Russian RT, Российская газета, Lenta.ru, т.б. сайттары Data Urgente-ге сілтеп жариялаған.

Сайтта Украинаға қарсы және жалған ақпарат беретін мақалалар жарияланып, Ресей басшылығының мәлімдемелері мен кремльшіл медиаға сілтеме жасайды. Одан бөлек, ресейшіл үгіт-насихат таратқан, кейін санкцияға іліккен RT медиасына сілтеп, Ресей ұйымдастырған сайыста Себастьян Сальгадоның «Луганскідегі еркіндік тангосы» атты фильмі ұтқаны туралы жазылады.

Кремльшіл испан тіліндегі медианың мақсаты әр түрлі мәселеге, оның ішінде сыртқы саясат пен халықаралық оқиғаларға қатысты ресейшіл көзқарасты тарату және жаһандық пікірге ықпал ету. Латын Америкасы мен Испаниядағы испан тілінде сөйлейтін аудиторияға әсер етуге бейімделген Ресейдің мемлекеттік бақылауындағы испан тіліндегі БАҚ-қа RT en Español (RT Spanish), Sputnik Mundo жатады. YouTube мемлекеттік қаржыландырылатын RT және Sputnik арналарына қосылған 1000-нан астам арнаны жалған ақпарат пен өшпенділік сөздерін таратқаны үшін кіруге тыйым салған соң да, бұл сайттар платформада қайта пайда болу жолдарын тапты. Data Urgente-нің YouTube арнасы мен Formosa TV оған мысал бола алады.

Medium. inosmi.ru сайты дереккөз ретінде Medium-ді келтірсе де, сілтеме қалдырмаған. Factcheck.kz Medium.com сайтында расымен осы мәлімет жарияланғанын анықтады. Дегенмен Medium-ға кез келген адам тіркеліп, мақала жаза алады. Сондықтан автордың сенімділігін және мақаладағы дереккөздерді тексерген жөн. Trustpilot пайдаланушыларының көбі Medium сайтындағы кейбір мазмұнның сапасына алаңдаушылық білдіріп, оның жоғары сапалы мақалалардан бастап жалған ақпаратқа дейін болуы мүмкін екенін айтады.

Қорытындылай келе, The Intel Drop, Boston Times, Data Urgente сайттары — Ресейдің өз пропагандасы шетелде таратуға арналған кезекті құралы екенін айтуға болады. Кремль қолдайтын испан тіліндегі БАҚ Украинадағы қақтығыс туралы қоғамдық пікірге деген рөлі туралы осы мақалада жаздық.

Контекст

Ресей пропагандасының Зеленский мен есірткіні байланыстыратын дезинформация таратуы алғаш рет емес. 2022 жылы желі қолданушылары мен Ресей пропагандашылары Зеленский онлайн кездесу өткізіп жатқан сәтте үстелінде есірткі бейнеленген видео таратты. Factcheck.kz видео түпнұсқасы Зеленскийдің инстаграм парақшасында 6 наурызда жарияланғанын анықтады. Сондықтан да желіде тараған видеоның фейк екенін және оригиналда ұнтақ пен банк картасы жоқ екенін көруге болады. Бұған дейін де BBC сайтының фактчекер журналисі Шаян Сардаризех (Shayan Sardarizeh) және Bellingcat негізін қалаушы Элиот Хиггинс видеоның фейк екенін жазған.

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz