Уланған иіссулар туралы фейк қалай пайда болды?

Наурыздың басында қазақстандық мессенжерлерде адамдарға біреулердің иіссу иіскеуді ұсынып жүргені, бұл өтінішті орындаған адамдардың өліп жатқаны туралы хабарламалар тарай бастады. Бірінде адам бірнеше минутта өліп кететіні, басқаларында екі күнде өлетіні айтылса, үшіншісінде уақыт айтылмаған. Кей нұсқаларда оның Украинадан жіберілгені, кейбірінде бейтаныс ерлер мен әйелдердің кінәлі екені айтылып жүр.

Factcheck.kz редакциясы бұл әңгімелердің рас-өтірігін тексеріп көрді. 

Үкім: Фейк

Уланған иіссу туралы хабарламалар Ресейден бастау алған. Онда бұл фейк ақпанның ортасында тарай бастаған. Басында хабарламалар оңтүстік өңірлерде тараса, одан кейін Қиыр шығысқа дейін бүкіл территория бойынша тарап кеткен. Роспотребнадзор аймақтық ұйымдары (123) және Ішкі істер министрлігі (12) иіссу туралы қауесетті жоққа шығарған. Техникалық тұрғыда қарастырғанда да уланған иіссулар туралы оқиғалардың өзі күмәнді екенін айта кету керек. Иіскеген кезде өлімге апаратын улардың түрі шектеулі, ал олардың әсерінің анық байқалатыны сонша, оны құқық қорғау органдарының байқамауы мүмкін емес. 

Бұл фейктің тамыры 2000 жылдардың басында жатыр. 

Толық ақпарат

Бір айта кетерлігі, Ресейде тараған хабарламалардың бәрінде Украинадан шыққан диверсанттар не «келімсектер» туралы айтылады. Бірақ қазақстандық чаттарда тарай бастағанда одан украиндар туралы деталь түсіп қалған. Нәтижесінде уланған иіссу туралы оқиға совет заманындағы «Батыстан келген» уланған конфеттер мен сағыздар әңгімесіне ұқсас қорқынышты аңызға айналып кеткен. 

Бір қызығы, хабарламалардың бірінде «қаскүнемдердің» суреттері де бар. 

Уланған иіссулар туралы фейк қалай пайда болды?
WhatsApp хабарламаларының скриншоты

Біз фотоларды зерттеп, бет-әлпеті бойынша іздеп көрдік: төрт ер адамның үшеуі Орал қаласында тұрғанын не тұрып жатқанын анықтадық. Әлеуметтік желілердегі деректерді негізге ала отырып, олардың өзара таныс я таныс емес екенін анықтай алмадық. Оларға ортақ жалғыз нәрсе  — бірінші суреттен басқасының бәрі бір ғимаратта, шамамен бір уақытта түсірілген. Нақты қай жер екенін анықтай алған жоқпыз, бірақ кейінгі үш фотодағы интерьер бойынша ер адамдардың тұрғын үйде емес, әкімшілік ғимаратта екенін болжауға болады. Бірінші фотоның өңделгені анық, оны нейрожелі бірнеше фотоны жинақтап жасаған болуы да мүмкін. Мұны көздің айналасындағы (бейненің қосарлануы және қарашық формасының дұрыс болмауы) және иегі мен иығының арасындағы контур дефектісі көрсетеді — бұл нейрожелі дипфейк жасағанда жиі кездесетін қате. Ер адамдардың суретін кім және не үшін таратқаны белгісіз.

  • Уланған иіссулар туралы фейк қалай пайда болды?
  • Уланған иіссулар туралы фейк қалай пайда болды?
  • Уланған иіссулар туралы фейк қалай пайда болды?
  • Уланған иіссулар туралы фейк қалай пайда болды?

Ұмыт болған ескі жағдайлар 

Уланған иіссулар туралы хабарламаларды зомби-фейк деп атауға болады. Желінің орыс тілді сегментінде мұндай оқиғалар мессенжерлер мен әлеуметтік желілерде 2015 жылғы қарашада тараған. Айырмашылық тек тарау масштабында болып отыр. 8 жыл бұрын фейк Тула мен Тула облысында тараса, хабарламаның өзінде украин диверсанттары айтылмайды. Онда белгісіз адамдардың пошта жәшіктеріне уланған иіссу тастап жатқаны ескертіледі. Сонымен қатар бұл интернационал фейк болып шықты: ең ертесі АҚШ-та 2001 жылғы қазанда тараған. Хабарламаны Глен Игл ауруханасы таратқаны, онда жеті әйелдің пошта арқылы алған уланған иіссуларды иіскеген соң көз жұмғаны айтылады. 2001 жылғы мәтін нұсқасында удың тарау көзі ретінде Сібір жарасы туралы даумен бірге Tide кір жуғыш ұнтағы айтылған. Хабарламаның екі нұсқасы да уды лаңкестер жібергенін болжаған. 2002 жылғы улы иіссулар туралы хабарламалар мұхит асып, желінің израильдік сегментінде тараған (онда мессенжерлердің орнына электронды пошта қолданылған). Мәтін мәні өзгермеген: жеті әйел пошта арқылы алған уланған иіссуді иіскеген соң көз жұмған. Тура осы хабарламалар 2007 жылы және 2014 жылғы жазда да тарап (12), израильдің орыс тілді қауымдастығына жеткен. «Туладағы» нұсқаға қарағанда, израильдік нұсқада «қаскөйлердің» кім екені айтылған. 

Уды иіскеу өлімге әкеле ме?

Иә, бірақ: 

  1. Өлімге апаратын газ бен аэрозоль иіскегенде, адам удың белгілі бір концентрациясын иіскеуі керек. Көп жағдайда оны мысалы, блоттерге себілген спрейдің бір дозасындағы заттардың саны мен ашық кеңістігін қамтамасыз ету мүмкін емес. 
  2. Иіскеген кезде әсер ететін улардың көбінен болатын өлім фейктердің нұсқаларында айтылғандай бірден туындамайды. 
  3. Себілетін улардан болатын өлім ауыр болады және қатты білінетін қосалқы белгілермен жүреді (тұншығу, құрыспа, аузынан көбік ағу, құсу және басқалары). Хабарламалар рас болған күннің өзінде, иіссулардан улану жағдайлары полиция деректері мен баспасөз құралдарында міндетті түрде жазылар еді. 
Factcheck.kz