Киевтегі жағажай кеші Украинадағы соғыстың өтірік екенін білдіре ме?

2023 жылғы тамызда желіде Киевтегі жағажай кешінің видеосы жарияланды. Көпшілік “Украина мен Ресей арасындағы соғыс өтірік, Украина өзіне төнген қауіп туралы асыра сілтеп айтып жүр” деп мәлімдей бастады. Snopes фактчекерлері видеоны және оған қатысты мағлұматты тексеріп көрді.

“Қазір Украинаның соғыстан зардап шеккен Киев қаласында Beach Club кеші өтіп жатыр, Украина халқы үшін дұға етіңіз”, деп мысқылдап жазды желі қолданушысы.

Осыған ұқсас ақпарат тағы бірнеше жерде бар (1, 2, 3).

Видео шынайы. Киевтегі бесінші жағажай клубында түсірілген бейне 2023 жылғы 6 тамызда @zhadyft деген Tiktok парақшасына жарияланған. Бірақ партия да, видео да Украинадағы соғыстың өтірік я болмаса ойын екенін дәлелдемейді. Киев майдан шебінен шамамен 500 шақырымнан астам қашықта орналасқан. Осы мақала жарияланған кезде онда Украина мен Ресейдің әскери қимылдары жүріп жатты.

Тұрғындарды түнде Ресей шабуылынан қорғау үшін қалада комменданттық уақыт енгізілген. Дегенмен 2023 жылғы наурыздан бастап шектеу босаңсып, адамдарға 23:00-ге дейін емін-еркін жүруге рұқсат етілді. Сәйкесінше, бұл уақытқа дейін клубтар істей береді, адамдар да оған бара алады. Бірақ бұл елде соғыстың болып жатқанын жоққа шығармайды.

Factcheck.kz