Израильде Украина туын ұстағандарға айыппұл сала ма?

2023 жылғы наурызда медиада “Израильде Украинаның туын қолданғандарға айыппұл салады” деген ақпарат тарады. “Проверено” басылымы деректі тексеріп көрді.

Бұл ақпарат бірқатар жерде жарияланды (мұнда, мұнда, мұнда, мұнда және мұнда).

“Российская газета” басылымы да бұл жаңалықты жазған, бірақ бірде-бір дәлел келтірмеген. Дегенмен олар мақаласында Haaretz газетіне сілтеме жасап, Иерусалим қалалық кеңесі мүшелері муниципалитетті ескі қаланың қабырғаларында украиналық және ресейлік туды көрсеткені үшін сынға алғанын атап өтті.

Мақалада айтылған оқиға шын, бірақ бұл жағдай биыл емес, 2022 жылғы наурызда болған. Оған қоса ол кезде украиналық емес, ресейлік туға қатысты наразылық туған. Қалалық кеңесте болған Офер Беркович Haaretz басылымына берген пікірінде қақтығысты бастаған агрессордың кім екенін ұмытпауымыз керек екенін, сол себепті ол елдің жалауын көрсету де орынсыз екенін айтқан.

Сонымен бірге Haaretz журналисі Нир Хассон Twitter-інде былай деп жазды: “Лондон, Париж, Рим, Мельбурн, Берлин және басқа қалалардың муниципалитеттері зардап шеккендерге жанашырлық таныту үшін қоғамдық ғимараттарға украин туын іліп қойса, Иерусалим муниципалитеті қабырғаларға екі жақтың жалауларын салған. Бұл не масқара?”

Израильде Украина туын ұстағандарға айыппұл сала ма?
Дереккөз: Haaretz басылымы

Ал кейбір адам Израильде Украина туын пайдалануға тыйым салатын заң бар екенін айтып жүр. Дегенмен фактчекерлер мұндай заң жобасын таппады.  Newsru.co.il сайтының хабарлауынша, тиктокерлер, Ресейдің ресми баспа органдары депутат Кнессета Цви Суккоттың террористік ұйымдардың жалауын қолданғандарға 10 000 шекел айыппұл салу жөніндегі пікірімен шатастыруы мүмкін. Онда ол 2016 жылы “Терроризмге қарсы күрес” туралы заң жобасына өзгеріс енгізуді ұсынған.

Қорыта айтқанда, Израильде украиналық туды қолданғандарға айыппұл салынатыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Тіпті, мұндай заң да жоқ. Сонымен қатар Израильдің Украинадағы елшілігі Stopfake басылымынаИзраиль Украина туын көрсетуге тыйым салмаған және салмайды да” деп мәлімдеді.

Factcheck.kz