Сауалнама: 60-тан асқанның көбі Ресейді, ал жастар Украинаны қолдайды

Қазақстандықтардың үштен бір бөлігі Ресей пропагандасына сенеді. Бұл туралы DEMOSCOPE қоғамдық пікірге жедел мониториң жүргізу бюросы мәлімдеді.

2022 жылы 4-24 қараша аралығында DEMOSCOPE Қазақстан азаматтары арасында “Қазақстандықтардың Украинадағы соғысқа көзқарасы” тақырыбында екінші сауалнамасын жүргізді. Оған 18 жастан асқан 1 110 адам қатысқан. Авторлардың айтуынша, сауалнама кезінде ел азаматтарының Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты қалай түсінетініне, қалай қабылдайтынына назар аударылған.

Нәтижесінде Ресей мен Украина арасындағы соғыста Украинаны респонденттің 22%-і , Ресейді 13%-і қолдайтыны анықталған. Ал 59%-і бейтарап екенін жеткізген.

Сонымен бірге бюро мәліметінше, жастар Украинаны қолдайтындарын ашық білдіреді. 18-29 жастағы респонденттің 23%-і Украинаның қолдайды. Бұл Ресейдің жақтастарынан төрт есе көп. Ал 60 жастан асқан респонденттің үштен бірі (34%) – Ресей жағында, тек 14%-і Украинаны қолдайды.

  • Сауалнама: 60-тан асқанның көбі Ресейді, ал жастар Украинаны қолдайды
  • Сауалнама: 60-тан асқанның көбі Ресейді, ал жастар Украинаны қолдайды
  • Сауалнама: 60-тан асқанның көбі Ресейді, ал жастар Украинаны қолдайды
  • Сауалнама: 60-тан асқанның көбі Ресейді, ал жастар Украинаны қолдайды
  • Сауалнама: 60-тан асқанның көбі Ресейді, ал жастар Украинаны қолдайды
  • Сауалнама: 60-тан асқанның көбі Ресейді, ал жастар Украинаны қолдайды

Сауалнамада ресейліктердің Қазақстанға жаппай қоныс аударуы тақырыбы да қамтылған. DEMOSCOPE деректеріне сәйкес, пікірлер әрқилы. Жалпы алғанда, сауалнамаға қатысқандардың 38%-і ресейліктердің жаппай қоныс аударуына қарсы. Ал, 27%-і “қоныс аударуға мәжбүр болғандарға” жылы қабақ танытты. Ал азаматтардың 22%-і бұл мәселеге алаңдамайды.

Миграцияны қолдайтындардың көпшілігі (77%) адамгершілік жағына мән береді. Олар қиындыққа тап болып, елден кетуге мәжбүр болған адамдарға көмектесу керек деп санайды. Бір қызығы, бұл жауапты таңдағандардың көпшілігі – әйелдер (86%-тен астам). 12% прагматикалық себептерді атап өтті.

Авторлардың сөзінше, қазақстандықтардың пікіріне түрлі фактор әсер етуі мүмкін. Соның бірі – Ресей пропагандасы.

Demoscope бюросының зерттеу қорытындысынан халықтың пікірі қақ жарылғанын байқауға болады. Бұл мәселе ақпараттық соғыс кесірінен күрделеніп жатқаны анық. Қазақстандықтардың кем дегенде үштен бір бөлігі — ресейлік пропаганда мен дезинформация алдында қауқарсыз. Ол аз болғандай, азаматтардың кем дегенде бестен бірі ресейлік телеарналар таратқан ақпаратты көріп жүр. Алайда “Қазақстан қоғамында Украинаны қолдайтын тренд қалыптасты” деп нық сеніммен айту үшін бірнеше айдан кейін зерттеуді қайталап өткізу керек.

DEMOSCOPE қоғамдық пікірге жедел мониториң жүргізу бюросы

Сауалнаманың толық нұсқасын мына сілтемеден көруіңізге болады.

Factcheck.kz