Қазақстанда әлеуметтік желілерді блоктаудың бір сағаты 2,6 млрд теңге – миф әлде шындық?

12 маусым күні Esquire журналының сайты Қазақстандағы әлеуметтік желілерді блоктауға қатысты «күн санын» жариялады. Материалды еш тексерместен басқа да БАҚ-тар өз беттерінде жариялады, сонымен қатар бұл ақпарат әлеуметтік желілерде танымал болып кетті (Facebook-тағы ресми парақшаның өзінен 800-ден аса қолданушы бөліскен).

Маркетолог Әлімжан Бисембаев үшін бұл сан тым көп болып көрінді, ол өзінің Marketology Blog арнасында: «Қазақстанда блоктау шығынын көрсеткен «бағалау» пайда болды. Бұл мүлдем ойға қонымсыз. 2019 жылғы Қазақстанның ЖІӨ 176, 351 млрд доллар болады деп күтілуде. Егер 2 млрд 669 млн 588 мың 498 теңгені 380 курсы бойынша қайта есептесек, бір сағат блоктау экономикаға 7, 025 млн немесе тәулігіне 168, 6 млн доллар, жылына 61, 54 млрд доллар шығын әкеледі. Бұл мемлекеттің ЖІӨ-нің 34,89%-ы. Біздің электронды саудада мұндай сегмент жоқ» дейді.(орыс тілінен аударылды)

Біз жеке тексеріс жасап, бұл сандардың қайдан шыққанын анықтадық. Сонымен қатар, электронды нарық пен блоктаудан болатын шығынды нақты анықтауға бола ма деген сұраққа жауап іздедік.

Интернетті қадағалау қанша тұрады?

Пікір: Esquire былай дейді:COST есебі бойынша барлық әлеуметтік желілердің (Facebook, Instagram, Twitter, YouTube, WhatsApp ) бір сағат толық блокталуы 2 млрд 669 млн 558 мың 498 теңгені құрайды.

Үкім: Редакция қателігі

Бұл күн санын жариялаған Esquire тілшісі ұқыпсыздығының әсерінен үлкен аудиторияға дезинформация таратты. Сайтта жарияланған сан әлеуметтік желілерді блоктаудан емес, елдегі интернетті толығымен бір сағатқа өшіргенде болатын шығын.

Esquire журналы сілтеме беріп отырған NetBlocks Cost Shutdown Tool (COST) қызметі интернет жұмысын блоктау мен жаңылысуынан болатын экономикалық салдарды бағалайды. Бағдарлама қазіргі уақыттағы мыңдаған көрсеткіштерді біріктіре отырып елдер бойынша, жаңылыс түрі мен ұзақтығын есептейді.

Мәселен, Қазақстанда Facebook-ты бір сағат блоктаудан болатын экономикалық шығынды есептеу үшін мына үш көрсеткішті таңдау керек:

    • Қазақстан
    • Facebook
    • 1 сағат
Қазақстанда әлеуметтік желілерді блоктаудың бір сағаты 2,6 млрд теңге – миф әлде шындық?
Netblocks.org сайтынан скрин

COST-тың көрсетуінше, Facebook-ты бір сағат блоктаудан болатын экономикалық шығын 40 млн 169 мың 533 теңгені немесе 106 мың 308 АҚШ долларын құрайды. Егер Facebook, Instagram, Twitter, YouTube және WhatsApp сынды басқа да әлеуметтік желілерді қоса есептесек, көрсеткіш бес есеге ұлғайып, нәтижесінде 200 млн 847 мың 664 теңге болады.

Яғни COST есептеуі бойынша, жоғарыда айтылған барлық әлеуметтік желілерді блоктаудан болатын Қазақстанның экономикалық шығыны Esquire жазған күн санынан 13,2 есеге аз.

Қателік қайдан шықты?

Егер әлеуметтік желілерді көрсетпесеңіз, бағдарлама жаһандық интернетті толық өшіргенде болуы мүмкін шығындарды көрсетеді.

Қазақстанда әлеуметтік желілерді блоктаудың бір сағаты 2,6 млрд теңге – миф әлде шындық?
Netblocks.org сайтынан скрин

Интернеттің жоқтығы көптеген компанияларға өз қызметін жүзеге асыруға кедергі келтіреді, әлемдік желіден бір сағат қол үзудің өзі логистика, интернет-дүкендер, электронды сауда алаңы және басқа да қызмет түрлеріне орасан залалын тигізеді.

Яғни, COST есептеуінше, елде бір сағат толықтай интернет өшкен кезде 2,6 млрд теңге экономикалық шығын болады.

Блоктаудың кері әсері

Пікір: Егер 2 млрд 669 млн 588 мың 498 теңгені 380 курсы бойынша қайта есептесек, бір сағат блоктау экономикаға 7, 025 млн немесе тәулігіне 168, 6 млн доллар, жылына 61, 54 млрд доллар болады. Бұл мемлекеттің ЖІӨ-нің 34,89%-ы.Бізде электронды саудада мұндай сегмент жоқ.(Әлімжан Бисембаев)

Үкім: Шындық

ҚР Цирлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметінше 2018 жылғы онлайн-сауда нарығының көлемі 269 млрд теңгені құрады. Бұл бір жылдың нәтижесі, сағат емес. Егер осы соманы 365-ке (1 жылдағы күн санына) бөлсе, содан кейін оны тағы 24-ке (1 тәуліктегі сағат санына) бөлсе, e-commerce саласындағы бір сағат шамамен 30 млн 707 мың 762 теңге деп есептеуге болады.

ҚҚҚ инновациялық және қаржылық технологияларды дамыту орталығының директоры Константин Пак:

  • Біздің компанияның жорамалы бойынша, трансшекаралық сауда мен банк қызметінен бөлек ел ішіндегі e-commerce-тің жалпы мөлшері 2019 жылы 500 млн долларға тең болады. Ол ЖІӨ-нің 1 пайызынан аз, осылайша, блоктаудан болатын тікелей шығындар қатты әсер ете қоймайды. Мен оларды елдің инвестициялық көрінісі тұрғысынан бағалауды дұрыс дер едім, бірақ бұл қырын санмен көрсету тіптен күрделі.
  • Әлеуметтік желілерді блоктаудың электронды коммерцияның қызметіне және жалпы экономикаға әсері болатыны белгілі, бірақ санмен қандай да бір нақты баға бере алмаймын. Өйткені онлайн сегменттегі мұндай негативті әсер басқа сегменттерге әлдебір артықшылық беруі мүмкін, сол себепті экономикаға жалпы зардабын есептеу қиын.

Шығын және оны қалай есептеуге болады?

Әлеуметтік желілерді бір сағатқа өшіргеннен болатын шығынды есептеу өте қиын, тіпті мүмкін емес. Мәселен, gazeta.ru былай деп жазады: «2017 жылы желтоқсан айында үкіметке қарсы қозғалыстар кезінде Иран билігі Telegram мессенджерін екі аптаға блоктап тастады. Мұндай шектеу экономикаға негативті әсер етті – әсіресе Telegram қызметін қолданатын шағын бизнеске залалы көп болды. Кейбір көрсеткіштерге сенсек, екі апта блоктау әсерінен банк транзакцияларының саны 40%-ға азайып кетті… Ресми емес мәліметтер бұл кезеңде 100 мыңға жуық адам уақытша жұмысынан айырылды дейді».

Немесе басқа мысал, BBC жазғандай, 2008 жылы АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрлігі интернетті сөндіріп тастаудың салдарын жорамалдап беруін өтініп United States Cyber Consequences Unit коммерциялық емес мекемесінен Скотт Боргке жүгінді. «Борг пен оның әріптестері АҚШ-та 2000 жылдан бері қарай болған компьютерлік және желілік жаңылысулардың экономикалық әсерін сараптап көрді. Ең қатты зардап шеккен 20 компанияның тоқсандық қаржылық есептерімен және жалпы экономикалық статистикамен танысып, өшіріп тастаудан болған қаржылық әсер аз болғанын, оның өзінде жаңылыс төрт күннен көп болмағанда анықтаған. Боргтың сөзінше, кейбір жағдайларда жүздеген миллион және тіпті миллиард долларлық шығындар туралы да айтылған, бірақ шынымен зардап шеккен салалар – қонақүйлер, әуе компаниялары, брокерлік фирмалар, – көп нәрсе жоғалтпаған».

Қазақстанда да блоктаудан болған әсерді есептеп көруге тырысуда. «NewTimes.kz» АА тілшісі Instagram-ды бизнес үшін қолданатын кәсіпкерлерден кешкі сеанс кезінде болған шығындар туралы сұрастырып көрген. Блоктаудың бизнеске кері әсері болғанын барлық кәсіпкерлер айтқанымен, ешқайсысы нақты сомасын көрсетпеген

Factcheck.kz