Фактчек | Қанат Мусин есірткі туралы

13 қарашада өткен ҚР Мәжілісінің пленарлық отырысында Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Қанат Мусин «есірткіге байланысты жауапкершілікті гуманизациялау қажет, тіпті, марихуана қолдануды заңдастыруға болады» деген пікірлер пайда болып тұратынына алаңдаушылық танытып, премьер-Министр А. Маминнің атына депутаттық сауал жолдады. Ол өз сөзінде елдегі есірткі айналымына қатысты екі қызықты мәлімдеме жасады.

  1. «2013 жылдан бастап 2017 жылға дейінгі кезеңде ТМД елдері арасында героиннің ең көп орташа жылдық саны біздің елде тәркіленді».
  2. «Қазақстанда жыл сайын 20-дан 40 тоннаға дейін түрлі есірткі заттары тәркіленеді».

Сонымен қатар, «депутат халықтың есірткіге тәуелділігін анықтау үшін ауқымды зерттеу жүргізуді және есірткі бизнесіне қарсы күреске жеткілікті қаражат бөлуді ұсынды» деп хабарлайды Tengrinews.

Екі мәлімдемені де тексеріп көрейік.

2013 жылдан бастап 2017 жылға дейінгі кезеңде героиннің ең көп орташа жылдық саны біздің елде тәркіленді (ТМД-ның басқа елдерімен салыстырғанда).

Қанат Мусин

Үкім: Жалған

Редакция ескертпесі: бұл жердегі героиннің «орташа жылдық саны» деген не екені түсініксіз және оның 5 жылдық кезеңдегі нақты сандардан қандай айырмашылығы бар екені де белгісіз. Дегенмен, тексеріп көреміз.

БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (UNODC) ақпаратына сүйене отырып, біз төмендегі кестені жасап шығардық:

Фактчек | Қанат Мусин есірткі туралы

Бұл проблема бойынша ТМД елдері арасындағы көшбасы Ресей екенін байқаймыз. Ал 2-ші орындағы Қазақстанның көрсеткіштері олардан едәуір аз.

Мәліметтерді нақтылау үшін қайта тексеріп көреміз

Мүмкін Мәжіліс депутаты жан басына шаққандағы орташа көрсеткішті айтқысы келген шығар? Оны да тексеріп көрейік. Мысалы, героиннің жан басына шаққандағы санын аламыз. Ол үшін кестеде көрсетілген көшбасшы елдердегі ең жоғары көрсеткіштерді салыстырып, есептеп көреміз. Яғни ең көп героин саны 2013 жылы Қазақстанда, 2014 жылы Ресейде және 2016 жылы Әзірбайжанда алынған. Енді жан басына шаққандағы көрсеткіштерді қараймыз.

  • 2013 жылы Қазақстан халқының саны 17 160 855 болды және сол жылы 753,85 кг героин тәркіленді. Демек адам басына шаққанда 0,00004 кг шығады.
  • Ресейде 2014 жылы 146,1 миллион адам тұрды, ал тәркіленген героин 3230 кг болды. Бұл дегеніңіз бір адамға – 0,00002 кг.
  • 2016 жылы (2017 жылдың басы) Әзірбайжан халқының саны 9,810 миллион болды. Елде 1190 кг героин тәркіленді. Яғни Әзірбайжанның әр азаматына есептегенде 0,00012 кг героиннан келді.

Осы есептер бойынша да Қазақстан (бақытымызға қарай) 1-ші орында емес. Бұл көрсеткіштер депутат мәлімдемесінде көрсетілген 5 жылға ғана қатысты екенін ескерген жөн.

Қазақстанда жыл сайын 20-дан 40 тоннаға дейін түрлі есірткі заттары тәркіленеді

Қанат Мусин

Үкім: Шындық

Бұл мәліметті UNODC жасаған жиынтық кестеден де байқауға болады:

Фактчек | Қанат Мусин есірткі туралы

2013 жылдан бастап 2017 жылға дейінгі кезеңде UNODC анықтаған есірткінің барлық түрі бойынша Қазақстанда жыл сайын 28-26,6 тоннадан (2013-2014 жылдары) бастап 40,5 тоннаға (2017 жылы) дейін есірткі тәркіленді.

Статистиканы егжей-тегжейлі зерттегісі келетіндерге толық есепті де ұсынамыз.

7.1.2_Drug_seizures

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz