Тоқаев әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылман тізіміне енді ме?

Кейінгі күндері әлеуметтік желі мен мадиада (1, 2, 3, 4, 5) “Тоқаев әлемдегі ең ықпалды мұсылмандар тізімне енді” деген тақырыпта біраз материал жарық көрді. Негізгі ракурс Тоқаевқа ауысса да, бұл тізімде Димаштың да бар екені жазылған. Бұл қандай тізім және кімдер жасайды?

Factcheck.kz сайты тексеріп көрді.

Тоқаев әлемдегі ең ықпалды мұсылмандар тізіміне енді.

Әлеуметтік желідегі ақпарат

Үкім: Шындық

Ислам стратегия зерттеулер орталығының мәліметінше, Тоқаев пен Димаш Құдайберген расымен де әлемдегі 500 ықпалды мұсылман тізіміне 2022 жылы алғаш рет енген. Бұл тізім 2009 жылдан бері жасалып келеді. Дегенмен бұл тек бір орталықтың көрсеткіші, ресми не нақты бір мәлімдемені білдірмейді.

Тоқаевтан бөлек бұл тізімде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Әзірбайжан президенті Илхам Әлиев, Шешенстан президенті Рамзан Қадыров пен Сирия президенті Башар Асад та енген. Жарияланымда сондай-ақ, қаңтар оқиғасы, ҰҚШҰ әскерінің Қазақстанға кіруі, Елена Рыбакинаның жеңісі және мобилизациядан кейін елімізге келген Ресей азаматтары туралы сөз қозғалады.

Бұл қандай ұйым және немен айналысады?

Ислам стратегия зерттеулер орталығы тәуелсіз әрі үкіметтік емес ұйым. Штаб пәтері Иордания Хашимит Корольдігінің астанасы Амманда орналасқан. Бұл орталық негізінен Ислам дініне қатысты зерттеулер мен кітаптарды шығарады. Сондай-ақ, жыл сайын әлемге айтарлықтай ықпалы бар, түрлі салада қызмет атқаратын 500 адамды анықтап отырады.

Әртүрлі салада қызмет атқаратын әрі әлемге танымал мұсылмандар тізімін жыл сайын олардың атқарған қызметі мен мұсылман қауымына тікелей әсер ете алатын ықпалына қарай анықтайды. Алғашқы 50 тізімде тек мемлекет басшылары мен дінтанушылар ғана кіреді. Одан кейін 13 категория бойынша таңдап алынады.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz