23 желтоқсанда Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон инфляция деңгейі 4,2% екенін айтты. Asia plus cайтының жазуынша бұл әлемдегі, тіпті Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдері арасындағы ең үздік көрсеткіш.
Factcheck.kz “Тәжікстандағы инфляция ТМД елдері арасында ең үздік” деген ақпараттың рас-өтірігін тексерді.
Үкім: Шындық және манипуляция
Неліктен рас: Trading Economics (196 ел бойынша экономикалық көрсеткішін зерттейді) дерегінше, Тәжікстандағы инфляция ТМД елдерімен салыстарғанда ең төменгі деңгейді көрсеткен. Ең жоғарғы инфляция Молдовада — 34%, Қазақстанда — 18%, Қырғызстанда — 15% тіркелген.
Неліктен манипуляция: Алайда экономист сарапшылардың сөзінше, инфляцияның төмендеуіне Тәжікстанның экономикалық дамуы мен тұрақтылығы емес, халықтың сатып алу қабілеті, жалақысы, әрі жұмыс орындарының қысқаруы түрткі болған.
Контекст
- Тәжікстан ұлттық банкінің дерегінше, 2020 жылы елде инфляция деңгейі 9,4%-ке, ал 2021 жылы 8%-ке жеткен. 2022 жылдың алғашқы алты айында 4,1% болған.
- Халықаралық еңбек ұйымының болжауынша, 2022 жылдың соңында әлемдегі инфляция деңгейі — 8,8%. Ал 2023 жылы инфляцияның өсу көрсеткіші 6,5% болуы мүмкін.