Молдова шекарасына Румыния әскери техникасы көшірілді ме?

Әлеуметтік желі мен мессенджерде “Румыния зениттік зымыран кешенін Молдовамен шекараласатын жерге көшіріп жатыр” деген жазба мен видео тарады. Factcheck.kg бейнені тексеріп көрді.

Фактчекерлер видеоны бірдей тақырыппен жариялаған бірнеше Youtube арнасын тапты.

Фактчекерлер әскери техниканың шынымен-ақ Румынияның Алба-Юлия қаласында болғанын жатқанын анықтады. Google картасы да видеодағы танкілер бұрылған көше қиылысын көрсетті. Оны видеода анық көрінген жанармай бекетінен анықтаған.

Молдова шекарасына Румыния әскери техникасы көшірілді ме?

Алайда фактчекерлер румыниялық ақпарат ресурстарынан Қорғаныс министрлігінің бұл хабарды жоққа шығарғаны туралы жаңалықты тапты.

Министрлік өкілдерінің хабарламасына сәйкес, әскери техниканы Молдовамен шекараласатын жерге көшіру жөніндегі ақпарат шындыққа жанаспайды. Шын мәнінде, бұл видео 2022 жылғы қарашада Алба-Юлия қаласының орталығында Румынияның Ұлттық күніне арналған әскери рәсімге дайындалғанда түсірілген.

Factcheck.kz