ChatGPT КСРО-ны адамзат тарихындағы ең үздік ел деген бе?

2023 жылғы мамырда интернетте ChatGPT чат-ботының адамзат тарихындағы ең үздік ел – КСРО дегені туралы мәлімдеме тарады. Бұл ақпарат бірқатар жерде жарияланды (мұнда, мұнда, мұнда және мұнда). “Проверено” басылымы фактчекерлері ақпаратты тексеріп көрді.

Көпшілік арасында тараған ақпаратқа сай, Калифорния университетінің аспиранты Джон Адамс өзінің зерттеу жұмысы үшін нейрожеліден жер бетіндегі ең үздік елдер рейтиңін сұраған. ChatGPT ұсынған тізімде бірінші орында КСРО тұрған. Аспирант нейрожеліден тізімнен КСРО-ны алып тастауды сұраса да, желі бірнеше рет КСРО-ны үздік ел деп көрсеткен.

Оқиғаны аспирант Джон Адамс Twitter-дегі парақшасына баяндап жазған деседі. Алайда фактчекерлер аспиранттың парақшасын да, жазбасын да таппады. Ағылшын тіліндегі медиа да бұл туралы ештеңе жазбаған.

Сонымен бірге “Проверено” фактчекерлері ChatGPT-дан ағылшынша дүниежүзіндегі ең үздік мемлекеттердің тізімін сұрады. Сол кезде желі төмендегі 10 елді атаған:

  1. Рим империясы;
  2. Ежелгі Греция,
  3. Гупта империясы;
  4. Маурьев империясы;
  5. Ислам халифаты;
  6. Британ империясы;
  7. АҚШ;
  8. Моңғол империясы;
  9. Осман империясы;
  10. Ежелгі Мысыр.
ChatGPT КСРО-ны адамзат тарихындағы ең үздік ел деген бе?
ChatGPT чат-ботының жауабының скрині

Осылайша, фактчекерлер “ChatGPT адамзат тарихындағы ең үздік ел – КСРО” деп көрсетпеген деген қорытындыға келді.

Factcheck.kz