Желіде Signal қолданушыларының нөмірі мен растау коды тарады

Желіде Signal мессенджерінің 1900 пайдаланушыcының нөмірі мен растау кодтары тарады. Бұл туралы Tech Crunch сайты хабарлады.

Tech Crunch сайтының жазуынша, мессенджер әкімшілігі Twilio Inc компаниясына фишиң шабуыл жасалғанын хабарлаған.

Бұдан бөлек, шабуылдаушы Signal жүйесіне тіркелу үшін пайдаланылатын растау кодына да қол жеткізуі мүмкін. Дегенмен, хат тарихы, профиль ақпараты және контактілер тізімі тарамаған.

Шабуылдаушы нөмірді басқа құрылғыға қайта тіркеуге немесе оның нөмірі Signal-да тіркелгенін анықтауға тырысуы мүмкін. 1900 телефон нөмірінің ішінде шабуылдаушы үш нөмірді іздеген және біз осы үш пайдаланушының бірінен оның аккаунты қайта тіркелгені туралы хабарлама алдық. Егер шабуылдаушы аккаунтты қайта тіркейтін болса, ол осы телефон нөмірінен хабарлама жіберіп, қабылдай алар еді.

Компания блогынан

Мессенжер әкімшілігі пайдаланушыларға тіркелу кодын қосуды ұсынады. Бұл пайдаланушының қауіпсіздік PIN-кодынсыз басқа құрылғыда аккаунтты қайта тіркеуге жол бермейді. Оған қоса, Signal шабуыл жасалған құрылғыдан жаңа аккаунт ашқызбайды.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz