«Харви» дауылы: кең тараған фейктер

Фейк таратушылар үшін кез келген апат таптырмас тақырып қатарында: қирандыларды көрген және олар туралы естіген адамдардың көпшілігі кез келген қауесетке сенуге бар, тіпті, ақылға сыймайтын болса да. Америкада 2017 жылғы 24 тамызда басталған «Харви» дауылы туралы да осыны айтуға болады. Washington Post дауыл туралы ең көп тараған фейктерді жариялаған екен.

Акула – ең «өтімді» фейк 

Акуласыз тасқынның қызығы болушы ма еді? Хьюстонның су басқан көшесімен жүзіп бара жатқан жыртқыш бір ғана Туиттерде 80 000 рет репост жасалыпты.


*Аудармасы: «Сенсеңіз де сол, сенбесеңіз де сол, Хьюстон көшесінде акула жүзіп жүр».

Дәл осы акула былтыр Мэттью дауылы кезінде де пайда болған, 2012 жылғы Сэнди дауылынан кейін де шыққан және жанында адамдар болған. Мұндай жағдай ешқашан болмаған немесе болмайды деп үзілді-кесілді айту қиын, дегенмен, мұндай суреттердің көпшілігі – шебер жасалған фотошоп. Мұның фейк екені әр жолы айтылғанымен, адамдар оны ашып көріп, соған сенуін доғарар емес.

Хьюстон әуежайының суға батып бара жатқаны да –  фейк

Туиттерді кезін жүрген тағы бір кең тараған видео – су басқан әуежай, бұл Хьюстон әуежайы-мыс.

«Харви» дауылы: кең тараған фейктер
Дереккөз: Twitter

Шын мәнінде ол Climate Central мақаласынан алынған, материалда ғаламдық жылынудың ықтимал салдары, соның ішінде көлік тасымалына қалай әсер етуі мүмкін екені жазылған. Ал суретте 2100 жылы LaGuardia Нью-Йорк әуежайы шамамен осындай болуы мүмкін екендігі бейнеленген.

Тонаушылар туралы қауесетті тролльдер таратады

Тосын жағдай, төтенше оқиға болған жерде тонау, талан-таражға салу бірге жүретіні белгілі. Алайда, «Харви» дауылы кезіндегі фейктердің ауқымына жететіні болған емес. Washington Post 2017 жылғы 29 тамыздағы санында тонады деген күдікпен төрт адамның ұсталғанын хабарлады. Алайда, Туиттердегі тролльдерге сүйенсек, #HarveyLootCrew хэштегімен  ұрлаған заттарымен мақтанғандардың суретін көптеп кездестіруге болады, көпшілігі техникаға қатысты.

«Харви» дауылы: кең тараған фейктер
Аудармасы: «Жігіттер, өткен түннің олжасы». Дереккөз: Twitter.

Шын мәнінде бұл суреттер басқа дерек көздерінен алынған және контекст мүлдем басқа. Мәселен, дәл осы сурет 2015 жылғы мақаладан алынған, онда Вануату (Тынық мұхитының оңтүстігіндегі арал) колледжінің басшылығы тәртіп бұзған студенттерді гаджеттерін алып қою арқылы жазалау жөнінде шешім қабылдағаны жазылған.

Мұндай әдісті фейкерлер мен тролльдер алдыңғы табиғи апаттардың кезінде де #BaltimoreLootCrew және #SandyLootCrew хэштегтерін пайдалана отырып таратқан.

Black Lives Matter қозғалысы зардап шеккендерге жеткізілетін шұғыл көмекті кешіктіруде

Фейсбук желісіндегі фейктердің осы мазмұндағы жазбаларына ондаған мың репост жасалған. Washington Post мынадай дәйексөз келтіреді: «Джордж Буш «Катрина» дауылының кезінде адамдарды құтқару үшін жанын сала жұмыс істеді, сол кезде қара нәсілділер шатырда отырып қалған бірнеше минутқа бола шағымданған еді. Ал қазір олар көшедегі ұрыға, соққы жұмсаған полицейге (немесе, басқа кез келген адамға) қарсы жанайқайын жеткізуге тырысуда, тіпті, бұл жолда дауылдан зардап шеккендерді де көзге ілмей отыр».

Бұл оқиғаға Snopes сайты фактчекинг жасаған екен. Фейк жаңалыққа пайдаланылған наразылыққа шыққандардың суреті 2016 жылғы CNN видеосынан алынған, онда Атлантадағы шеру көрініс тапқан. Осы арада ол кезде де жедел жәрдем көлігінің жолын жаппағанын айта кеткен жөн. Бұған ұқсас фейктер бұрын да шыққан: наразылыққа шыққан афроамерикалықтардың кесірінен адам өліп жатқаны туралы жалған ақпар 2015 жылдан бері оқта-текте шығып тұрады.

«Обаманың қазіргі істеп жатқанын Трамп ешқашан істемейді»

Бүгінде өшірілген, бірақ мыңдаған репост жинап жүрген туиттердің бірінде осылай делінген, онда АҚШ-тың бұрынғы президентінің тамақ таратып жатқан суреті бейнеленген.

Обаманың бұл суреті расымен де түсірілген, тек бұл 2015 жылғы сурет. Алғыс айту күнінде Обама отбасымен үйсіз-күйсіздерге тамақ таратқан. «Харви» дауылына бұл суреттің ешқандай қатысы жоқ.

Отбасын тоңазытқышқа салып тасыған. Мұндай да болған, бірақ бұрынырақта…

Қазір әлеуметтік желіден өшірілген тағы бір аса танымал туитте Хьюстон тұрғындарының жағдайы көрсетілген. Қаланың жағдайы қазір расында да ауыр, дегенмен, суреттегі жағдай 2016 жылғы табиғат апаты кезінде түсірілген.


Аудармасы: «Амалы құрыған Гринспойнт [Техас штатындағы қалалардың бірі] тұрғындары тасқыннан қорғануда». 19 сәуір 2016 жыл

Көріп отырғанымыздай, фейк жаңалықтар мен суреттер тағы да кең тарап отыр. Ерінбей гуглдан көмек сұраған дұрыс, ақпаратты тексеру күдігіңізді сейілтіп, шындықты білуге көмектеседі.

Аударған Жұлдыз Әбділда

Журналист, фактчекер, фотограф. Автор factcheck.kz c 2017 года.

Factcheck.kz