Хакерлер Үндістан премьер-министрінің Twitter аккаунтына шабуыл жасады

Алаяқтар Үндістан премьер-министрі Нарендра Модидің Twitter аккаунтын бұзып, саясаткердің атынан бірнеше хабарлама жариялады. Бұл туралы SecurityLab хабарлады.

Өткен аптада хакерлер Модидің атынан Үндістан биткоинды төлем құралы ретінде танығанын жазған. Сонымен қатар, Нью-Дели әрбір адам пайдалана алатын сандық валютаны сатып алғаны туралы хабарлады.

Модидің кеңсесі хакерлердің аккаунтты аз уақыт қолданғанын хабарлап, осы уақыт аралығында жарияланған хабарламаларға назар аудармауды сұрады.

SecurityLab хабарлауынша, бұл Модидің желідегі парақшасына жасалған бірінші шабуыл емес.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz