ВКонтакте өшпенділік тілімен күресетін нейрондық желіні сынақтан өткізіп жатыр

ВКонтакте ғадауат тілі бар материалдарды автоматты түрде тану үшін жасанды интеллекті сынақтан өткізуде. Технология шағымдарды өңдеу уақытын тездетуге және пайдаланушыларға хейтспичке сирек тап болуға көмектеседі. Бұл туралы Вконтакте желісінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Нейрондық желі қорлау мен қауіптің әртүрлі категорияларын анықтауды үйренуде. Категориялардың ішінде ксенофобия, нәсілшілдік, гомофобия, сексизм, діни көзқарас, жас, сыртқы келбет немесе ауру үшін қорлау көріністері бар.

Ғадауат тілі тақырыбындағы модерацияны күшейту және жасанды сананы оқыту үшін ВКонтакте шағымдардың жаңа «Враждебные высказывания» санатын қосты. Бұл категория нейрожеліге ғадауат тілін анықтауға көмектеседі, ал әзірге мұнымен модераторлар айналысуда.

Біз пайдаланушыларымыз бен серіктестеріміздің ғадауат тілі мен зорлық-зомбылықты дәріптеуге қатысты ұстанымдарын қолдаймыз. ВКонтакте модераторлары күнделікті контенті сараптайды, соның ішінде жасанды интеллекті қолдана отырып өңдейді . Қауіпті материалдардың көбі оларды біреу көрмей тұрып өшіріледі

Иван Корнеев, ВКонтакте модерация тобының жетекшісі

2020 жылдың бірінші жартысында платформада өшпенділік пен жеккөрушілік туралы 520 мың жазба өшірілді, сонымен қатар хейтспич тарататын 1340 профиль мен 2470 қауымдастық бұғатталды.

Factcheck.kz