Тоқаев адам құқығына қатысты жарлыққа қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев адам құқығы саласындағы шаралар тізімін арттыру туралы жарлыққа қол қойды.

Тоқаев “Қазақстан Республикасының адам құқығы саласындағы шаралары” жайлы 2021 жылғы 9 маусымадағы № 597 жарлығының 1-пунктіне қосымша 1-1 тармақшасын енгізді. Бұған сәйкес мына салалар бойынша жұмыс жасау көзделген:

  • Әйелдерге қатысты дискриминацияны жою;
  • Ерлер мен әйелдердің құқығын әрі мүмкіндігін теңестіруге ат салысу;
  • Бірлесу еркіндігіне арналған құқық;
  • Мүгедек адамдардың құқығы;
  • Қылмыстық сот төрелігі саласындағы адам құқығы, жазаны орындау және азаптау мен қатыгездіктің алдын алу;
  • Адам саудасына қатысты құрбандарының құқығын қамтамасыз ету;
  • Мигранттарға, азаматтығы жоқ адамдарға және босқындарға қатысты құқық;
  • БҰҰ органдарымен байланыс механизмдерін жетілдіру.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz