Роскомнадзор соттан “Новая газетаны” лицензиядан айыруды талап етті

Ресей медиасын бақылайтын Роскомнадзор соттан “Новая газетаны” лицензиядан айыруды талап етті. Бұл туралы басылымның өзіне сілтеп, Deutsche Welle (DW) сайты хабарлады.

DW дерегіне сай, “Новая газетаны” тіркеу туралы куәлікті жарамсыз деп тану туралы талап арыз Мәскеудің Басманный аудандық сотына жіберілген.

Ал Роскомнадзор сайтындағы мәліметке сәйкес, «Новая газета» лицензиясының күшін жою туралы шешімді құрылтайшылар қабылдаған. Десе де, Роскомнадзор бұған не себеп болғанын жазбаған.

Контекст

  • Биыл наурызда «Новая газета» редакциясы Ресейдің Украинаға ашқан соғысы бітпейінше веб-сайт, әлеуметтік желі және баспа жұмысы тоқтатылатынын мәлімдеді. Басылым бұған Роскомнадзордан келген екінші ескерту себеп болғанын хабарлады.
  • Редакция журналистері аз уақыттан кейін «Новая газета.Европа» деп аталатын шетелдегі жобасын бастады. Сайт Бас прокуратураның талабымен Ресейде бұғатталған.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz