Ресейде Уикипедия бұғатталуы мүмкін

Ресейде жаңа заңға байланысты Уикипедия сайты бұғатталуы мүмкін. Бұл туралы мемлекеттік думаның ақпараттық саясат, ақпараттық технологиялар және байланыс комитеті төрағасының орынбасары Антон Горелкин Telegram арнасында хабарлады.

Бұл шара Ресейдегі VPN-ді насихаттауға тыйым салу туралы жаңа заңға сәйкес қабылдануы мүмкін.

Антон Горелкиннің айтуынша, интернет-энциклопедиядағы VPN туралы мақалада Роскомнадзордың оны бұғаттауына мүмкіндік беретін белгілер бар. Горелкин тағы басқа себептер түрткі болғанын айтты.

“Реттеушінің бірнеше шағымы бар, оның басым бөлігі бойынша сот шешімі шыққан. “Википедияны” бұғаттауға заңды негіз бар, енді оны қолданушыларға ыңғайсыз болмайтындай етіп жасау ғана қалды”, – деп жазды депутат.

Айта кетейік, 1 наурыздан бастап Ресейде “бұғаттауды айналып өтуді жарнамалауға немесе насихаттауға” тыйым күшіне енді.

Factcheck.kz