Смартфоны бар кез келген адамның қозғалыс картасын оңай жасауға болады. The New York Times журналистері смартфондардың көмегімен геолокацияны анықтап, тарихтағы ең үлкен деректер базасын талдады.
Деректер базасында 50 миллиардқа жуық геолокация нүктелері бар. Бұл нүктелер арқылы 12 миллион америкалықтың күнделікті бағыты жасалды. Редакция бұл мәліметтер базасын деректер жинаумен айналысатын кішігірім компаниядан алды.
Журналистер эксперимент жүргізіп, нүктелер арқылы Джонни Депп, Тайгер Вудстың үйінде кім қонақ болғанын, жоғары лауазымды офицерлердің бірі баласын қай бала бақшаға апаратынын және жексенбі күндері үйге қай уақытта келетінін анықтай алды.
Деректерді жинайтын және оларды әрдайым жинағысы келетін компаниялар өз ұстанымын үш тұжырыммен негіздейді:
- адамдар деректерді жинауға өздері келіседі
- жиналған деректер иесіздендірілген
- олар қауіпсіздікте сақталады
Алайда бұл олай емес. Келесі төрт сурет компаниялар келісімді бұзатынын дәлелдейді:
Деректерді кім жинайды?
Әдетте бұл танымал емес компаниялар. Google және Facebook-ке көбірек назар аударылғандықтан, басқа фирмалар жайлы біле бермейміз.
Геодеректерді талдай отырып, адамның өміріндегі ұсақ-түйек заттарды немесе оның өміріндегі маңызды жағдайларды білуге болады. Мысалы қай психотерапевтке баратынын, қаладағы сүйікті орны, үйлену күні мен той өтетін орнын және т.б. жайлы ақпарат аласын.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.