Microsoft: Ресей хакерлері Украинаға кем дегенде 237 кибершабуыл жасаған

Ресей үкіметімен байланысты бірнеше хакерлік топ Украинаға қарсы соғыс басталғалы жүздеген кибершабуылды жасады. Бұл туралы Голос Америки сайты Microsoft компаниясының есебіне сілтеп хабарлады.

Microsoft жариялаған есепке сай, Ресей нақты көзделген нысаналарға кибершабуыл жасаған. Сарапшылардың айтуынша, мұндай шабуылдың зардабын бейбіт тұрғындар тартады.

Microsoft хабарлауынша, соғыс басталмас бұрын кемінде ресейшіл алты топ Украинаға қарсы 237 операция жасаған. Мұны америкалық компания Украинадағы киберқауіпсіздік мәселесі бойынша арнайы сарапшылармен бірігіп анықтаған.

Есепке сәйкес, шабуылдың бірінші аптасында ресейлік хакерлер Украинаның телекомпаниясына шабуыл жасаған. Олардың шабуылы «Украинадағы жалған ақпарат ақпарат құралдарын жоямыз» деген ресейлік әскердің Киевтегі телемұнараны зымыранмен атқылаған күнмен тұспа-тұс келді.

Есеп авторларының айтуынша, мұндай шабуыл халықтың Украина үкіметіне, әскеріне сенімді азайту үшін жасалған.

Сонымен қатар, Microsoft дерегінше, ресейлік хакерлер тобы кибершабуылдың 40%-ін өте маңызды инфрақұрылымға қарсы жасады. Бұған қоса, есеп авторлары «анықталған шабуылдар Украинаға қарсы бағытталған әрекеттің бір бөлігі ғана» екенін ескертті.

Төлепберген Маликов
Төлепберген Маликов. Байқоңыр қаласында туған. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.