30 маусымда Мәскеуде полиция қызметкері «Медиазона» журналисі Никита Сологубқа шабуыл жасады. Бұл туралы DW сайты хабарлады.
Журналист полицейдің белгісіз адамды ұстап әкеткен сәтін видеоға түсірген. Сологубтың видеоға түсіріп жатқанын көрген полицей оны ұстап алып, видеоны өшіруді талап еткен. Талабын орындамаған жағдайда “қолын сындырамын” деп қорқытқан.
Полицейдің әріптесі журналистің «татуировкасын терісімен бірге кесуге» уәде берген. Олар Сологубты видео мен фотоны өшірген соң жіберген.
Контекст
- DW сайтының жазуынша, Ресейде «Медиазона» басылымы «шетел агенті» деп жариялануы мүмкін. Мемлекеттік Дума комиссиясы тиісті органдарға «басылым «шетел агенті» туралы заңды бұзды» деген ақпарат жіберді.