Қытайда коронавирустың жаңа толқыны басталды ма?

Telegram-да Қытайдың коронавирус инфекциясының жаңа толқынымен күресе алмай жатқаны туралы ақпарат тарады. Хабарламаларда Қытай билігі карантин шектеулерін жеңілдетсе де, елдегі көшелердің бос екені айтылған. Factcheck.kg редакциясы ақпаратты тексеріп көрді.

Наурыздың соңында Қытайда коронавирус инфекциясының қатты өршуіне байланысты екі жылдағы ең үлкен локдаун болды және шектеулер енгізілді. Дегенмен 7 желтоқсанда қоғамдық наразылықтардан кейін Қытай COVID-ке қарсы нөлдік төзімділік саясатының кілті саналатын шектеудің көбін алып тастады.

Алайда бірнеше күннен кейін Қытайда індеттің тез өршіп және тарап жатқаны байқалған.

Көптеген басылымдардың журналистері елдегі көшелердің қаңырап, сауда орталықтарының қараусыз қалғанын, ал адамдардың арақашықтықты қатаң сақтап жүргенін хабарлады.

Reuters агенттігінің жазуынша, Қытай Халық Республикасының ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы 14 желтоқсаннан бастап жаңа симптомсыз жағдайлар туралы есеп беруді тоқтатқаннан кейін ресми статистика аурудың нақты санын көрсетпейтін болған. Кейінгі он күндегі статистикада коронавирус инфекциясынан ешкім өлмегенімен, Бейжіңдегі мәйітханалар мен крематорийлер жүктеменің көптігінен үлгермей жатыр.

Бірқатар қала билігі мектептердің қашықтан жұмыс істеуге көшкенін хабарлады.

17 желтоқсанда Қытайдың бас эпидемиологы Ву Цзуню алдағы үш айда ел коронавирус инфекциясының үш толқынын өткеретінін, оның біріншісі басталып кеткенін айтты.

Factcheck.kz