Ким Чен Ын «репрессияланған» шенеунікпен бірге концертке барды  

КХДР басшысы Ким Чен Ын Ким Ён Чхолмен бір концертте болды. Оңтүстік Корей басылымдардың айтуы бойынша АҚШ-пен бірлесіп өткізілген саммитке кедергі келтірген үшін Ким Ён Чхолды “қайта тәрбиелеуге” жіберген. Бұл туралы Tjournal агенттігі Орталық телеграф агенттігіне (ЦТАК), КХДР ресми БАҚ-ға сілтеме жасай отырып хабарлады.

Мамырдың 31-ы оңтүстіккорей басылымы Chosun Ilbo хабарлауынша Ким Чен Ын Ханоедегі Америка Солтүстік Корей саммитінің сәтсіз өткені үшін бес адамды жазалаған. Сонымен қатар, Кореяның жұмысшы партиясының орталық комитетінің бөлім басшысы Ким Ён Чхолды «қайта тәрбиелеу» үшін каторгалық жұмыстарға жіберген. Ал, Ким Чен Ынның аудармашысын қателігі үшін айыптап, түрмеге қамады.   

Factcheck.kz