Қазақстанда психологиялық көмек көрсету үшін онлайн-орталық ашылды

Қазақстанда халыққа психологиялық көмек көрсету үшін онлайн-орталық ашылды. Төтенше жағдай кезінде құрылған жаңа жоба туралы “Кеткеткет.кз” сайты хабарлады.

«Короновирус жұқпасы таралуының (COVID-19) және қабылданған қажетті карантин шаралары енгізілуінің қазіргі жағдайларында психологиялық
көмек пен қолдау, сондай-ақ стрессті басқаруға үйрету, бір-бірімен қолдаушы қарым-қатынасқа түсе білу, мамандандардың онлайн консультациялары
аса қажет. Біз, психотерапевт және психолог дәрігерлер, осы қолдауды көрсету үшін біріктік» деп жазылған сайтта.

Маманнан кеңес алу үшін сайтқа кіріп, өзіңізге қажет бөлімді таңдай аласыз.

Қазақстанда психологиялық көмек көрсету үшін онлайн-орталық ашылды

Онлайн-орталық қарт адамдарға, балалар мен жасөспірімдерге, мүмкіндігі шектеулі адамдарға, карантинде жатқан адамдарға, COVID-19 вирусын жұқтырған адамдармен жұмыс істейтін медицина қызметкерлеріне көмектеседі.

Factcheck.kz