Израильде 13 палестиналық журналист қамауда отыр

Израильде Иерусалимнің қауіпсіздік күші палестиналық екі журналисті тұтқындап, әкімшілік қамауға алды. Бұл жағдайдан кейін әкімшілік қамауға алынған журналистің жалы саны 13-ке жетті. Бұл туралы “Шекарасыз тілшілер” журналистер құқығын қорғау ұйымы (RSF) хабарлады.

RSF дерегінше, қазіргі уақытта Израиль билігі кем дегенде 13 палестиналық журналисті қамауға алған. Олардың арасында 22 сәуірден бастап ешқандай ресми айып тағылмай қамауға алынған Al -Jazeera тілшісі Алаа Аль-Римави (Alaa Al-Rimawi) де бар.

Сонымен қатар, 12 мамырда Bokra.net сайтында жұмыс жасайтын журналист Ахмад Азайзех те ұсталды. Ол Иерусалимдегі Палестина азаматтары мен Израильдің қауіпсіздік күштері арасындағы қақтығыстан хабар таратқаннан кейін «араздықты қоздырды» деп үйінде әкімшілік қамауға алынған.

Израиль “Шекарасыз репортерлер” зерттеуі бойынша жасалатын сөз бостандығы рейтиңінде 180 елдің арасынан – 86-орында.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz