Ирандық әке митиңде өлтірілген қызының жаназасында биледі ме?

2022 жылғы қыркүйекте интернетте Ирандағы наразылықтар кезінде полиция өлтірген ирандық әйелдің әкесі бейнеленген видео жариялана бастады. Онда ер адам марқұм қызының жаназасында “аза тұту биін” билейді-міс. Reuters фактчекелері видеоға қатысты ақпараттың рас-өтірігін тексерді.

Осыған ұқсас жазбалар бірнеше жерде жарияланды (мұнда және мұнда).

https://twitter.com/Sh_q_y/status/1575207073603678208?s=20&t=IrLXT14wuHsRvED0h5GZYw

Алайда фактчекерлер видеоның ескі екенін және оны әзербайжандық телекомпания шамамен 2018 жылы жариялағанын анықтады. Бізді қызықтыратын ролик кадрын Youtube-тегі ресми видеоның 23-секундынан көруге болады. Видео сипаттамасында Ata Ocağı деп аталатын сериалдың отбасыдағы кикілжің туралы үзіндісі көрсетілгені жазылған (қоюшы-режиссер Руфат Шахбазов).

Басқа кадрларды және бейнебаяндағы актер Гурбан Исмаиловтың сұхбаттарын мына жерден көруге болады.

Айта кетейік, 13 қыркүйекте Тегеранда 22 жастағы Махса Аминиді полиция елдегі хиджаб кию ережесін бұзды деген айыппен ұстаған. Ұсталғаннан кейін бірнеше сағаттан соң ол аурухана түсті. 16 қыркүйекте қыз қайтыс болды. Оның өлімі Иран көшелерінде 2019 жылғы бензин бағасының көтерілуіне қарсы наразылықтан кейінгі алғашқы оппозициялық шерулерді тудырды. Кейін бұл шеру билікке қарсы халық көтерілісіне айналды.

Factcheck.kz