Интернет қолданушылары ақпаратты қалай оқиды және бөліседі

Pew Research Center 35 000 америкалық ересек азаматты қатыстырып зерттеу жүргізді. Зерттеудің мақсаты – адамдардың желіде нені оқитынын, қандай ақпаратқа көбірек қызығатынын анықтау болатын. Біздің серіктестеріміз Poynter Institute зерттеу нәтижерімен бөлісті. Қорытынды таңқаларлық емес, бірақ қызығуға тұрарлық.

Халықаралық және саяси жаңалықтарды халық көп оқымайтын болып шықты. Респонденттер арасында танымалдылығы және күнделікті маңыздылығы бойынша бірінші орында ауа-райы тұр. Одан кейін қылмыстық істер, жол кептелісі және бағалар туралы ақпараттар, бесінші орында ғана жаңалықтар мен саясат бар. Ал маңыздылығы және қызықтығы бойынша орындар басқаша жайғасты. Америкалықтарға ең қызығы – жаңалықтар мен саясат, содан кейін бағалар, мәдениет пен өнер және жергілікті бірлестіктерге қатыстының бәрі екен. Айырмашылық үлкен емес, бұл материалдар  4-тен 50 пайызға  дейінгі респонденттерге қызық болған. Толығырақ төмендегі кестеде.

Интернет қолданушылары ақпаратты қалай оқиды және бөліседі

Сол аралықта GlobalWebIndex пен We Аre Social АҚШ пен Ұлыбританияда 3000-нан аса ересек азаматтан сауалнама алып, олардың 63 %-ы контентті dark social-да бөліскенді жөн көретінін анықтаған.

Әңгіме мессенджерлер туралы. Және dark (даркнет немесе дарквеб секілді) қолданушылардың бұл коммуникация арналарындағы іс-әрекеттерінің ізіне түсу өте қиын, тіпті мүмкін емес екендігін білдіреді.

Сауалнамаға қатысқандардың 54%-ы әлеуметтік желілерді қолданады. Мессенджерлердің ішінде ең көп үлес Facebook Messenger-де – 82%. WhatsApp-та 56 % және Instagram мен Snapchat-қа 34% және 32% тиесілі.

Интернет қолданушылары ақпаратты қалай оқиды және бөліседі

Әлемдегі ең танымал (және фейк тарату бойынша ең қауіпті) мессенджер WhatsApp болып қала береді. Қазақстан бойынша шындыққа сай келетін соңғы мәліметтер 2017 жылы берілген екен. Қолданушыларды таңдауының күдікті болғанына қарамастан олар SimilarWeb-тың соңғы сараптамасымен құпталды (Бұл жерде Android OS қолданушылары ғана сараптамадан өтетінін ескеру керек). Осы мәліметтерге сәйкес қазақстандықтардың 80%-ы WhatsApp-ты қолданады, екінші орында «Mail.ru Агент» тұр – 30%-ға дейін. Skype, OK, Facebook Messenger және Viber үлестері, шамамен, 10%-дан.

Қай мессенджердің ең қауіпсіз екенін біздің материалдан оқыңыз.

Журналист, редактор. Филолог-славист. Соавтор и составитель ряда работ по журналистике и языку вражды. Работал журналистом и редактором в различных научно-популярных, развлекательных и общественно-политических изданиях Казахстана. Главный редактор проекта «Фактчек в Казахстане» с 2017 по 2022 год. Медиатренер, создатель образовательного проекта Factcheck.Academy

Factcheck.kz