Facebook платформадан 1,7 млрд жалған аккаунт өшірді

Facebook 2019 жылдың үшінші тоқсанында компания саясатына қайшы әрекет ететін контентті өшіре бастады. Жалған ақпараттың таралуы және арандатушылық контенттің артуына байланысты компания сынға ұшырап жатыр.

Facebook платформадан алып тастағысы келетін контентті тоғыз санатқа бөлуге болады:

  • графикалық зорлық-зомбылық
  • жалаңаш дене және сексуалды белсенділік
  • терроризмді насихаттау
  • жек көрушілік
  • қорлау және зорлау
  • балалар порносы
  • суицид және түрлі травмалар
  • есірткі және қару-жарақ
  • спам

Осы жылдың маусым қыркүйек айлары аралығында Facebook-тен 1,9 миллиард спам санатына жатқызылған жазбалар өшірілді. Бұл өшірілген контенттің 95 пайызын құрайды (жалған аккаунттарды қоспағанда). Сонымен қатар зорлық-зомбылық мазмұндағы 29 миллион жазба алып тасталды.

Жалаңаш адам немесе ересектердің сексуалды қатынасын көрсететін 30 миллион жазбаға ескерту жіберілді немесе платформадан өшірілді.

Өкінішке қарай фейсбуктың жаңа технологиясы ғадауат тілі қолданылған жазбаларды анықтай алмады. Жеккөрушілік, арандатушылық мазмұндағы 7 миллион жазбаның тек 80 пайызына арнайы белгі қойылды.

Үшінші тоқсан ішінде компания 1,7 миллиард жалған аккаунтты өшірді. Аккаунттардың көбі тіркеуден кейін бірнеше минут ішінде анықталды.

Factcheck.kz