Дуровтан Telegram-дағы кибербуллингке шара қолдануын сұрады

Telegram-ның негізін қалаушы Павел Дуровтан мессенджерде қоғамдық кибербуллингпен айналысатын каналдарға деген ұстанатын саясатын айқындауды сұрады. Denim онлайн-таныстық қызметі өкілдерінің Павел Дуровқа жазған хатында: мыңдаған адамның интернеттегі мазақтан шеккен зардабы айтылған. Хаттың үзінділерін «Известия» басылымынан көпуге болады.   

Хатта БҰҰ-ның ұстанымына сәйкес цифрлы қудалаудың зардабы физикалық зорлық-зомбылықпен бірдей екені айтылған. Оның үстіне телеграмдағы бірқатар каналдардың әкімшілігі тарапынан көбіне әйелдер зардап шегеді.

Мысал ретінде қыздар жайлы жеке мәліметті тарататын «РШ» деп аталатын телеграм каналы көрсетілген. Хатта бұл жайлы:

«Сайттың негізгі мазмұны канал құрбандарының жеке хаттарынан, паспорт суреттерінен, жеке мақсатта жасалған фото мен видеодан тұрады. Сонымен қатар, кейбір әйелдердің әлеуметтік желідегі парақшаларына сілтеме беріп, оларды қорлауға шақырады» деп жазылған.  

Denim-нің хабарлауынша каналдар жеке мәліметтерді ашық қолданысқа салып, «әйелдерді ақылы түрде жыныстық сипаттағы қызмет көрсетеді, есірткі пайдаланады» деп және қадыр-қасиетіне тіл тигізіп, еш негізсіз айыптайды. Хатта:

«Біз зардап шегушілерге қатысты кибербуллинг фактілеріне алаңдаулымыз, олардың ішінде біздің де қолданушыларымыз бар. Телеграмда мұндай мазмұнда ондаған канал тіркелген. Олар әйелге деген өшпенділікті насихаттап, олардың ар-намысына зиян тигізеді. Нәтижесінде әйел психологиялық соққы алып, тіпті өзіне қолжұмсауға дейін баруы мүмкін. Мыңдаған адам зардап шегуде» деп жазылған.  

Мәселенің шешімі ретінде Denim басшылығы Павел Дуровқа Telegram арналарымен мессенджерді онлайн мазақтау құралы ретінде пайдаланбау жөнінде келісім шарт жасасып, кибербуллингпен айналысатын каналдарды бұғаттауға ұсыныс білдірді. 

Халықаралық онлайн-таныстық Denim мобильді қосымшасы Dornoom LP шотландия компаниясының атына тіркелген. Оның қолданушыларының көп бөлігі Ресейде тұрады.

Factcheck.kz